KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

Гипотермия аппараты Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығына берілді

07.09.2022

«Басқарылатын гипотермия» жобасы Облыстық перинаталдық орталықтарды жабдықтауды жалғастыруда. Бүгін асфиксиямен босанған нәрестелерді құтқаруға арналған аппараттық кешен Өскемен қаласының Ана мен бала орталығына тапсырылды. Бұл «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» қорының демеушілік қолдауымен өңірлерге берілетін жабдықтың төртінші жиынтығы.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен күш-жігерді үйлестіру туралы меморандумға қол қойылған 2017 жылы AYALA қайырымдылық қоры «Басқарылатын гипотермия» жобасына бастамашылық етті. 5 жыл ішінде AYALA қоры еліміздің перинаталдық және ғылыми орталықтарында 12 гипотермия аппаратын, оның ішінде 4-ін — «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен орнатты. Тағы 16 облыс осы жабдықтар үшін көмек күтуде.

Терапиялық гипотермия босануда орташа ауыр және ауыр асфиксиямен туған балалардың өмірі мен зиятын құтқару үшін қолданылады. Оны жаңа туған нәресте өмірінің алғашқы сағаттарында қолдану қажет. Аппараттар пайда болғанға дейін гипотермия үшін қолдар бар құралдар қолданылды — нәрестелер мұз салынған немесе суық су құйылған пакеттермен құрсауланды. Реанимациядағы дәрігерлер мен медбикелер ондаған сағат бойы жаңа туған нәрестенің орталық жүйке жүйесін құтқару үшін қажетті оның дене температурасының төмен болуын қолмен ұстауға мәжбүр болды. Гипотермия аппараты олардан осы үлкен жүктемені алып тастайды. Ол метаболизмді және нәрестенің бас миының зақымданған бөліктеріндегі жасушалардың қалпына келуін бақылауға мүмкіндік бере отырып, нақты температураны автоматты түрде ұстайды. Амплитудалы электрэнцефалография мониторы дәрігерлерге жаңа туған нәрестелерді құтқару және күтім жасау үшін қолданылатын терапияны бақылауға және тиімді түзетуге көмектеседі.

«Балалар өлімін азайту мәселесі Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысы үшін өзекті. Медициналық жабдықтар біздің дәрігерлерге жаңа туған нәрестелердің жанын сақтауға, емдеуге және сауықтыруға көмектеседі. «Samruk-Kazyna Trust» және «AYALA» қорларына гипотермия аппараты мен амплитудалы электрэнцефалография мониторы үшін алғысымызды білдіреміз», — деп атап өтті Ана мен бала орталығының директоры Жайық Жұмаханов.

Шығыс Қазақстан облысында 2021 жылы нәрестелер өлімінің көрсеткіші 8,0 промиллені құрады. Ана мен бала орталығында жыл сайын 9 мыңнан астам бала өмірге келеді. Бұл медициналық мекеме перинаталдық көмектің ІІІ деңгейін ұсынады және қала мен бірқатар аудандардан келетін тәуекелі жоғары топтардағы жүкті әйелдерді бақылайды. Осы орталықтың қарқынды терапия және жаңа туған нәрестелерді реанимациялау бөлімшесінде жыл сайын 500-ден астам шала туған нәрестелерге күтім жасалады, ал жаңа туған нәрестелердің патология бөлімшесі арқылы 1200-ден астам сәби емдеуден өтеді. Өткен жылы Ана мен бала орталығында 41 бала механикалық гипотермия алды.

«Самұрық-Қазына» АҚ денсаулық сақтау саласындағы өңірлік бастамаларды қолдауға ерекше назар аударады. Ана мен бала орталығында гипотермия жабдығымен құтқарылған әрбір баланың өмірі — біздің ортақ жеңісіміз. Осы жаңа жарақтандыру біздің дәрігерлер мен қаланың және бүкіл облыстың болашақ аналарының көңілінен шығады деп үміттенеміз», — деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Гүлжан Рахымбаева.

«Samruk-Kazyna Trust» және «AYALA» қорларының «Басқарылатын гипотермия» бірлескен жобасы 2020 жылы басталды. Екі жыл ішінде ол алты Облыстық перинаталдық орталықты реанимацияның медициналық жабдықтарымен қамтамасыз етеді.

Бұған дейін «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен автоматты гипотермияға арналған жабдық Қарағанды облысының Облыстық көпбейінді ауруханасының Перинаталдық блогында, Талдықорған және Ақтау қалаларының Облыстық перинаталдық орталықтарында орнатылған болатын. 2022 жылдың қазан айының соңына дейін «AYALA» қайырымдылық қоры Орал мен Шымкенттің перинаталдық орталықтарына гипотермияның аппараттық кешендерін тапсырады.

2017 жылдан бастап AYALA қоры орнатқан жабдықтармен Қазақстанның 12 қаласында 224 жаңа туған нәресте құтқарылды.

«Біздің қор балалар мүгедектігін төмендетуде мемлекетке көмектесуді өзінің негізгі міндеті деп есептейді. Қазіргі уақытта Қазақстанда туылғаннан бастап 18-ге дейінгі жастағы шамамен 100 мың бала мүгедектік есепте тұр, бұл шағын қала халқын құрайды. Баланың өмірін сақтап қалу — өте күрделі міндет. Алайда еліміздің болашағы үшін жаңа туған нәрестені функционалдық тұрғыдан аяққа тұрғызу — түбегейлі маңызды. Сондықтан біз балалар реанимациясын бала туғаннан бастап мүгедектігін төмендетуге көмектесетін құрал-жабдықтармен және емдеу технологияларымен қамтамасыз етеміз. «Samruk Kazyna Trust» қорына осыған көмектескені үшін ризашылығымызды білдіреміз», — деп атап өтті «AYALA» ҚҚ президенті Айдан Сүлейменова.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс