KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

CodingLab: 3 жылдың қорытындысы

23.07.2020

Бүгін біз Coding Lab тегін бағдарламалау мектебінің 3 жыл ішіндегі жұмыс қорытындысымен бөлісеміз. 2017 жылдан бері біздің қор Samsung компаниясына осы маңызды әлеуметтік жобаны іске асыруға көмектесіп келеді.

3 жыл ішінде жоғары сыныптардың 101 оқушысы мектеп түлегі атанды. Олар  4 аталым – Бағдарламалау, Ойындар, Әлеуметтік және Білімдік қолданбалары бойынша 48 жоба жасады.

2019-2020 оқу жылы Android үшін қолданбалар жасау курсынан жоғары сыныптардың 40 оқушысы өтті. Ақтық қорғауға 3 аталым: Ойындар, Әлеуметтік және Білімдік қолданбалары бойынша 24 жоба рұқсат алды. Жеңімпаздардың тіпті кейбір жобалары Play Market қолданбасының дүкенінде тұр.

«Білімге арналған қосымшалар» санаты

1-орын — жеңімпаз Ислам Абишов, Amazing English.

2-орын — Эрик Ромайкин мен Артем Макаров, Vineclover.

3-орын — Әлішер Досымбекұлы, MathENT.

«Әлеуметтік қолданбалар» санаты

1-орын — Рустам Султонов және оның еріктілер жобаларын жинайтын және оларға қатысуға көмектесетін VolApp мобилді қолданбасы.

2-орын — Степан Горбатенко, «БлагоДари».

3-орынды Михаил Масальцов пен Әлібек Нұрдаулет иеленді, «UnionLasTV» мессенджері

«Ойындар» санаты

1-орын — Досымжан Қоғабаев, Hello World

2-орын– Андрей Чакалов, Fyu

3-орын – Давид Торосян, Out of Brain

CodignLab-тың барлық жүлдегерлері — Алматы тұрғындары. 6 бала – РФММ студенттері, олардың екеуі VolApp қолданбасы мен Fyu ойыны үшін бірінші орынды жеңіп алды.

Қалғандары №131 мектеп-лицей, Алматы қаласындағы Еуразиялық технологиялық колледж, №111 гимназия, №60 мектеп-гимназия, № 118 мектеп-гимназия, №1 мектеп-гимназия, №134 лицей секілді оқу мекемелерінің жоғары сынып  оқушылары.

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс