KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

БОЛАШАҚ АНАЛАР СКРИНИНГІНІҢ ЕУРОПАЛЫҚ СТАНДАРТЫ КӨПШІЛІККЕ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛДЫ

02.03.2024

Бір күн клиникасы» пилоттық жобасы дәрігерлерге ұрықтың туа біткен және хромосомалық патологиясын жедел және дәл анықтауға көмектеседі

Бүгін Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының (ПжБКХО) базасында «Бір күн клиникасы» пилоттық жобасының ресми ашылуы өтті. Жоба аясында туа біткен және хромосомалық патологиялар бойынша тәуекел тобындағы Алматы қаласының болашақ аналары ұрықтың денсаулығын анықтау бойынша басты тексеруден өте алады. Зерттеу Fetal Medicine Foundation пренаталдық диагностика жөніндегі жетекші еуропалық ұйымның алгоритмі бойынша бір күн ішінде қазіргі заманғы және өте дәл диагностикалық жабдықтарда – иммунохимиялық талдағышта және қуатты микроскопта жүргізіледі. Бұған дейін мұндай зерттеу кейбір жеке меншік орталықтарда ғана қолжетімді болатын. Жобаны іске асыру барысында еліміздің ірі мегаполисінде туған сәбилердің мүгедектік деңгейі төмендейді деп күтілуде.

«Біз пациенттеріміз үшін, әсіресе болашақ баланың денсаулығы туралы сөз болған жағдайларда барынша нақты және уақытылы диагностиканы қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Біздің орталықта жалпыға бірдей қолжетімді болған пренаталды скринингтің жаңа әдісі оның теңдессіз жылдамдығымен ерекшеленеді: барлық тексерулер бір күн ішінде жүргізіледі. Бұл әйелдерге нәтижелерді жылдам және барынша дәл алуға мүмкіндік береді. Орталықтың AYALA қайырымдылық қорымен тиімді ынтымақтастығының арқасында біз пациенттерге медициналық диагностика мен емдеудің ең заманауи әдістеріне, соның ішінде мемлекеттік медициналық көмек шеңберінде қол жеткізе аламыз», — деп атап өтті Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Гүлнара Нұрланова.

Жүктіліктің 12 аптасындағы пренаталды скрининг ұрықтың дамуындағы ықтимал туа біткен аномалияларды анықтауда шешуші болып табылады. Жаңа әдіс иммундық-химиялық талдау және ұрықтың хромосомалық ауытқуларды цитогенетикалық зерттеу арқылы дәрігерлерге мүмкін болатын проблемаларды уақтылы анықтауға, жүктілікті жүргізудің одан әрі қадамдары туралы шешім қабылдауға және емдеудің оңтайлы тактикаларын таңдауға көмектеседі. «Бір күн клиникасын» арнайы скринингтік жабдықтармен жабдықтауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен AYALA қайырымдылық қоры іске асырды.

«Қазақстанда балалардың мүгедектігін азайту міндеті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі үшін басты міндеттердің бірі болып табылады. Біз бүгін тұңғыш «Бір күн клиникасын» еліміздің басқа өңірлерінде туу көрсеткіші жоғары ауқымды пилоттық жоба ретінде аштық. Алматы қаласындағы ПжБКХОна берілген иммунохимиялық талдағыш Нобель сыйлығына ие болған бірегей технология негізінде әзірленгенін атап өткім келеді. Осы талдағышта пренаталдық скрининг үшін пайдаланылатын маркерлер бүкіл әлемдегі «алтын стандарт» болып есептеледі. Біз «ШЕВРОН» компаниясына еліміздің болашақ азаматтарының генетикалық денсаулығын нығайтуға қосқан зор үлесі үшін алғысымызды білдіреміз», — деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Хамитова.

Тек 2024 жылы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының дәрігерлері 10 000 жүкті әйелге арналған пренаталды скрининг жүргізуді жоспарлап отыр. Хромосомалық патология таңбалауыштары, ұрықтың туа біткен даму ақаулары анықталған немесе хромосомалық ауытқудың тәуекел дәрежесі шекті емделушіден жоғары болған жағдайда пациент мультидисциплинарлық консилиумға жіберіледі. Қажет болған жағдайда дәрігер оны хромосомалық ауытқуларды диагностикалаудың ең дәл заманауи әдістерінің бірі – FISH әдісімен микроскоп астында цитогенетикалық зерттеу үшін материал алу мақсатында инвазивті пренаталдық диагностикаға жібереді. Ол кең тараған туа біткен патологияларды — Даун, Пату, Эдвардс, Шерешевский-Тернер, Клайнфельтер синдромын анықтайды және «Бір күн клиникасы» жобасы аясында AYALA қоры ПжБКХО-на тапсырды.

«Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі үйлестірушісі Жанар Қошпанованың айтуынша, денсаулық сақтау саласындағы жобаларды қолдау компанияның әлеуметтік инвестицияларының стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. «Міне, 15 жылдан бері біз AYALA Жеке қайырымдылық қорының перинаталдық және неонаталдық диагностиканың өзекті мәселелерін шешуге, ұрық пен жаңа туған нәрестеге сапалы медициналық көмек көрсетуге, перинаталдық және неонаталдық орталықтарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсартуға, сондай-ақ неонатолог дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған жобаларын қолдап келеміз. Біз мемлекеттің, бизнестің және қоғамның перинатология және неонатология саласындағы бірлескен күш-жігері туа біткен және перинаталдық аурулардың алдын алу, ерте диагностикасы мен емдеудің тиімділігін арттырады, Қазақстанда сәбилер өлімін азайтуға және ерте мүгедектіктің алдын алуға ықпал етеді деп сенеміз», — деп атап өтті Қошпанова ханым.

AYALA қайырымдылық қоры 17 жыл бойы перинаталдық балалар медицинасы тәжірибесіне бала туғаннан бастап мүгедектікті диагностикалау мен алдын алудың заманауи әдістерін енгізуге көмектеседі: «Біздің еліміз үшін проблема өте өткір күйінде қалып отыр. Жыл сайын Қазақстанда туа біткен және тұқым қуалайтын ауруы бар 3500-ге жуық бала дүниеге келеді. Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі мектеп жасына дейінгі балалардың саны 6000-ға артып келеді. Туғаннан 18 жасқа дейінгі 100 000-нан астам баланың мүгедектік мәртебесі бар. Олардың жүздеген адамдарының денсаулығын сақтауға болатынына сенімдімін. «Бір күндік клиниканың» ашылуы перинатологияны дамытуда және Қазақстанда жүкті әйелдерге сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етуде маңызды қадам болып табылады. Болашақ аналарға кешенді скринингтік зерттеу жүргізудің жаңа тәсілі тиімді құрал болатынына сенімдімін», — деп атап өтті AYALA Кайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс