KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ ОНЛАЙН-ФОРМАТЫН ЖҮЗДЕГЕН НЕОНАТОЛОГ ДӘРІГЕРЛЕР ТАҢДАДЫ

15.02.2023

Қазақстанда «AYALA онлайн-академиясы» неонатолог дәрігерлердің біліктілігін арттыруға арналған алғашқы тегін онлайн-платформаны жасаушылар осындай қорытындыға келді. 2021 жылдың ақпанынан бастап тегін бейне-курстары бар платформада Қазақстанның түкпір-түкпірінен 667 дәрігер тіркелді, оның ішінде курстардан толық өткені туралы 117 дәрігер сертификат алды. Жобаны AYALA қайырымдылық қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырады.

Бұл платформа перинаталдық орталықтардан, перзентханалар мен облыстық ауруханалардан қазақстандық дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлеріне неонатология, реаниматология және педиатрия салаларындағы жетекші тәжірибелі мамандардан курстарға тегін және оңай қол жеткізу үшін жұмыс істейді. Екі жыл ішінде қазақ және орыс тілдерінде 7 курс өткізілді: «Өкпені жасанды желдету және нәрестелерге қарқынды күтім жасау», «Неонатологияда электроэнцефалография мониторларын қолдану», «Сурфактантты аз инвазивті енгізу», «Нәрестелердің жіті асфиксиясы және ауыр гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия», «Госпиталдық инфекция.  Жаңа тәсілдер», «Қарқынды терапия бөлімшесіндегі күтімнің негізгі қағидаттары», «Нәресте күтімін дамыту және қарқынды терапия бөлімшесіндегі инфекциялық бақылау».

«Жобаның мақсатыеліміздің барлық неонатологтары үшін озық тәжірибе мен ыңғайлы онлайнтехнологияларды қолдану арқылы жаңа туған балаларды реанимациялаудың инновациялық әдістерін қолжетімді ету. Қазақстандағы неонатологияға маманданған жалғыз қор ретінде AYALA көп жылдан бері «Шеврон» компаниясымен бірге перзентханалар мен перинаталдық орталықтардың дәрігерлеріне өздерінің кәсіби білімдері мен дағдыларын тегін жетілдіруге көмектеседі. AYALA онлайнакадемиясының нәтижелері дәрігерлердің осындай оқыту форматын ұнататынын растайды. Ол ыңғайлы, себебі олардың жұмысының жүктелген кестесіне бейімделген. Курстарға смартфондармен және планшеттермен қол жеткізуге болады. Курстардан өткені туралы сертификат алуға мүмкіндік бар. Біз қадірлі дәрігерлерімізге ауруханаларды заманауи реанимациялық жабдықтармен жабдықтау арқылы ғана емес, заманауи оқыту технологиялары арқылы да пайдалы болғанымызға қуаныштымыз», — деп атап өтті AYALA ҚҚ президенті және негізін қалаушы Айдан Сүлейменова.

«Шеврон» компаниясының өкілі, қоғаммен байланыс үйлестірушісі Жанар Қошпанованың айтуынша: «Денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды қолдау «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестицияларының стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстанда жұмыс істеген отыз жыл ішінде біздің бағдарламаларымыз жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және сауықтыруға көмектесті. Біз медицина мекемелеріне алдыңғы қатарлы құралжабдықтар сатып алып қана қоймай, білім береміз, жергілікті мамандарды медицинадағы соңғы жетістіктерге үйретеміз. Аяла қорымен бірлесіп, біз жыл сайын оқыту семинарларын өткіземіз, алайда тренингтерге қатысушылардың барлығына қолайлы уақытты таңдау өте қиын. Осы тұрғыдан алғанда, «AYALA онлайнакадемиясы» қашықтықтан басқарылатын технологияларды қолдану арқылы және іс жүзінде жұмыстан қол үзбей білім алуға мүмкіндік беретін бірегей жоба болып табылады, бұл әсіресе, біздің барлығымыз білетіндей, жұмыс кестесі өте тығыз біздің дәрігерлер үшін маңызды».

2023 жылы «AYALA онлайн-академиясы» платформасында офтальмологтар, УДЗ мамандары мен реаниматолог-неонатологтар үшін тағы 4 тегін курс пайда болады.

«AYALA онлайн-академиясы» порталындағы барлық курстар блоктарға бөлінген, бұл материалды игеруге көмектеседі. Тіркеуден кейін дәріс ақпаратына қол жеткізу 2 ай бойы ашық болады. Сондықтан курстан тіпті жұмыс орнында оны кішігірім үзінділермен тыңдап өтуге, қажет болған жағдайда жазбаға оралуға болады. Әр дәріске таныстырылым материалдары ұсынылады. Курсты аяқтағаннан кейін тыңдаушылар сертификат алады, сондай-ақ олардың лектордан чатта нақтылайтын сұрақ қоя отырып, кері байланыс алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, әрбір блоктан кейін және курстың соңында міндетті тест тапсырмасы түрінде меңгерілген материалды бақылау көзделген.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс