Астанада Қазақстанның XII Азаматтық форумы болып өтті. Бұл еліміздің қоғамдық диалог саласындағы жылдың басты оқиғасы. Басты назарда азаматтық қоғамды дамыту үшін ең маңызды сын-қатерлер болды: қайырымдылықтың цифрлық трансформациясынан бастап орнықты даму мен инклюзия мәселелеріне дейін. Қоғамдық кеңестердің жұмысына және мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Форум 700-ден астам билік, ҮЕҰ, бизнес және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктірді. Олардың қатарында AYALA қайырымдылық қоры да бар.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев форум делегаттарына жолдаған құттықтау хатында 18 мың ҮЕҰ — мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір, халықтың дауысы және көптеген әлеуметтік бастамалардың қозғаушы күші екенін атап өтті. «Бұл ұйымдар мемлекеттің сенімді серіктестері болып саналады, түрлі салалардағы жобаларды табысты іске асыруда. Сіздер елдегі бірлік пен келісімді нығайтуға, «Адал азамат», «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын жүзеге асыруға белсенді түрде жәрдемдесесіздер. Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Ортақ мүдделер рухындағы тиімді серіктестік алдағы уақытта да дамитын болады», — деді Мемлекет басшысы.
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев пленарлық отырыста сөз сөйлей отырып, инвестициялардың теңдессіз көлемін атап өтті: 76 трлн теңге 2025 жылы өңірлерді дамытуға — инфрақұрылымға, тұрғын үй, жолдар мен әлеуметтік жобаларға бағытталды. Әлемдік турбуленттікке қарамастан, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық саясат тұрақты болып қалуда: бюджет кірістерінің 60%-ға жуығы зейнетақы мен жәрдемақыға бағытталады және ол жыл сайын индекстеледі.
AYALA қайырымдылық қоры «SMART ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» панельдік пікірталасында сөз сөйледі. Біз қайырымдылықтың цифрлық трансформациясы туралы, сондай-ақ сектордың алдында тұрған трендтер мен сын-қатерлер туралы айттық.
AYALA қорының коммуникация жөніндегі вице-президенті Наталья Еськованың пікірінше, Қазақстандағы қайырымдылық ІТ-сектормен бірге өзгерді, ол біздің салаға онлайн краудфандингке өте ыңғайлы құралдар берді. «Біз еліміздің барлық цифрлық экожүйесімен бірге дамып, өсіп келеміз. Ірі қайырымдылық қорлары Қазақстанның ірі банктерінің барлық мобильді қосымшаларында бар. Онлайн-қайырмалдықтар қосымшадағы 4-5 басу арқылы қолжетімді, және, әрине, осының арқасында алымдардың жылдамдығы мен мөлшері жүздеген есе өсті», — деп атап өтті спикер.
Алайда цифрлық технологиялардың дамуы қоғамның ашықтығы, көмек көрсетудің жылдамдығы, сенімнің қалыптасуы бойынша жаңа үміттеріне алып келеді.
«Қайырымдылық қорларының донорлары қайырымдылық ұйымдарының қаржылық есебін еркін ашық онлайн қолжетімділікте көргісі келеді. Қайырымдылық бизнесті трансформациялауға бейімделеді: комплайенске сәйкестілік, нақты KPI, бизнес есептілікке бейімделген ESG-тәсілдер», — деп есептейді Наталья Еськова. Бұл ретте бүгінгі таңда Қазақстандағы барлық қайырымдылық ұйымдары үшін басты сын-қатер фрод болып табылады.
«1 аптада, тіпті 1 күні жинауға болатын қайырмалдықтардың орасан зор сомасы қайырымдылық ұйымдарынан өзіндік тәртіпті, этикалық нормалар мен стандарттарды қайта қарауды талап етеді. Ал онлайн-алаяқтардың әрекеттері адал қайырымдылық ұйымдарына деген сенімді жоғалтады, бұл құқық қорғау органдарының осы мәселеге ерекше назар аударуын талап етеді», — деп түйіндеді ол.
Онлайн-қайырмалдықтар мен краудфандинг — Қазақстанда ғана емес, әлемде де өсудің негізгі драйвері. Спикер CAF World Giving Index 2024 сәйкес, әлем бойынша респонденттердің 35%-дан астамы кем дегенде жылына бір рет онлайн-қайырымдылық жасайтынын және бұл үлес өсуін жалғастыратынын атап өтті. Онлайн платформалар мен ұтқыр қайырымдылық қосымшаларын дамыту: донорлар қолдаудың барынша қарапайым, «бір басу» тәсілін күтеді және нақты уақыттағы ашықтықты көруді қалайды: есептер, дашбордтар, алушылардың тарихы.
AYALA қайырымдылық қорының цифрлық қайырымдылық тәжірибесінен бірнеше фактілер:
AYALA қоры цифрлық әлемде қайырымдылық жобаларын табысты іске асыру бірнеше факторға байланысты деп есептейді.
Өз сөзін қорытындылай келе, спикер қайырымдылықтың елдің цифрлық экожүйесінің бір бөлігіне айналғанын атап өтті: «Мобильді қайырмалдықтар бүгінде сенімге, жылдамдыққа және тиімділікке тең. CAF World Giving Index 2024 Қазақстанды қоса алғанда, Орталық Азия елдері тұрғындарының жеке аударымдар, көршілерді, таныстарды қолдау арқылы «бейресми» көмек көрсетуге жоғары дайындығын тіркейді. Бұл ретте өңірде қайырымдылық қорлары арқылы ресімделген қайырмалдықтарға төмен дайындық сақталуда. Бұл қайырымдылық ұйымдары беделі мен сенімін нығайту үшін барынша жұмыс істеуі қажет дегенді білдіреді. Себебі сандық немесе мобильді қайырымдылық қорлардан үлкен жауапкершілікті талап етеді».
Секция жұмысының қорытындысы бойынша AYALA қайырымдылық қорының Қазақстанның барлық қайырымдылық ұйымдары үшін бірыңғай Этикалық стандарттарды әзірлеу туралы ұсынысы ұсынымдарға енгізілді, олар арнайы құжатқа жинақталып, мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.