KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

5 ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЗАМАНАУИ РЕАНИМАЦИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР АЛАДЫ

18.05.2022

Бес перинаталдық орталық 2022 жылы реанимацияда жаңа туған балаларды құтқару үшін гипотермияның заманауи аппараттық кешендерімен жабдықталады. Талдықорған, Орал, Өскемен, Ақтау және Шымкент қалаларының медициналық орталықтарын жабдықтауды «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қаржыландырды.

«Өздеріңіз білетіндей, 2021 жылы Қарағанды перинаталдық орталығы заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталды және бір жыл ішінде 11 жаңа туған баланың өмірі мен денсаулығы құтқарылды. Біз мұны тамаша нәтиже деп есептейміз, өйткені баланың құтқарылған әрбір өмірі еліміздің болашағы үшін өте маңызды. Биылғы жылы біз 5 аймақ үшін құрал-жабдықтар сатып алуға қаржылай қолдау көрсеттік, онда нәрестелер өлім-жітімінің деңгейі мен балалар реанимациясын алдыңғы қатарлы медициналық техникамен қамтамасыз ету мәселесі өткір тұр. Қазіргі заманғы аппараттар осы медициналық орталықтардың дәрігерлеріне балалардың одан да көп өмірін құтқаруға көмектеседі деп үміттенеміз. Жалпы, өткен жылы біз 7 млрд. теңгеден астам сомаға 32 ауқымды әлеуметтік жобаны жүзеге асырдық және жарты миллионнан астам адамға көмек көрсеттік», — дейді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.

Медициналық орталықтар бірнеше параметрлер бойынша таңдалды: босану кезінде асфиксия кезінде механикалық (салқын су немесе мұз салынған пакеттер немесе медициналық қолғаптар) гипотермияны қолдану жағдайларының саны және автоматты гипотермия аппараттарының болмауы. Бұл үшін AYALA қоры 2021 жыл бойы барлық облыстық Денсаулық сақтау басқармаларымен жұмыс істеп, жобаны қорғау үшін қажетті ақпаратты ресми түрде жинады. Нәтижесінде 22 перинаталдық орталықтың тізімі жасалды. Механикалық гипотермияны ең көп қолданатын алғашқы жетеуі 2022 жылдың 3-тоқсанында жабдықтарды алады.

«Біз Бас серіктесіміз – «Samruk Kazyna Trust» қорына жобамызға қолдау көрсеткені үшін және еліміздің болашақ ұрпақтарының зияткерлік әлеуетін сақтауға қосқан орасан зор үлесі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз», — деді AYALA ҚҚ президенті Айдан Сүлейменова.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс