Қазақстандық екі дәрігер Пусан ұлттық университетінің госпиталінде екі апталық тегін тағылымдамадан өтуде. Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының балалар офтальмологы Сабина Асылбекқызы Смағұлова және Астана қаласының № 2 қалалық балалар ауруханасының травматолог-ортопед дәрігері Олжас Қорғанбекұлы Байназаров.
Пусан ұлттық университетінің госпиталі жыл сайын біліктілігін арттыру үшін Қазақстаннан екі дәрігерді шақырады. Оқу, тұру, ел ішінде жүріп-тұру және қонақтарды тамақтандыру жөніндегі барлық шығыстарды Госпиталь өз мойнына алады. AYALA қоры Оңтүстік Кореяға және кері қарай ұшу құнын төлейді.
AYALA қорының ПҰУГ-мен ынтымақтастығы 2016 жылдан бері жалғасуда. Осы уақыт ішінде 26 қазақстандық дәрігер түрлі мамандықтар бойынша біліктілігін арттыру үшін Пусанға барды.
Сабина Асылбекқызы көздің артқы бөлігінің лазерлік хирургиясы және балалар нейроофтальмологиясы бойынша тағылымдамадан өтуге мүдделі: «Мен үшін бұл офтальмологиялық бейіндегі пациенттерді шетелдік әріптестермен емдеу мен жүргізудің клиникалық тәжірибесімен алмасудың тамаша мүмкіндігі».
Олжас Қорғанбекұлы артроскопия, аяқ-қол деформациясы хирургиясы, күйіктер мен жарақаттардан кейінгі тыртықтарды жою бойынша тәжірибеден өтеді: «Профессор Ли Джон Соп пен профессор Ан Тэ Ёнгқа алғысымды білдіремін, олар диагностика және емдеу әдістері бойынша өз білімдерімен бөлісуде. Мен үшін бұл тағылымдама ерекше орын алады. Қазақстанға қайтып келгенде, осында алған барлық білімді пациенттерді емдеу үшін пайдалануды жоспарлап отырмын».