Біздің қор «Халық» БФ ұйымдастырған «ЕЛ ТIРЕГI – ЕЛБАСЫ» іс-шарасын қолдады.
Осы іс-шара аясында Қазақстанның барлық облыстарында кедейлік шегінен тыс тұратын және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 20 мыңнан астам отбасы азық-түлік жиынтығын алады.
Біз Қарағанды облысының 1000 отбасын осындай жинақтармен қамтамасыз етуге міндеттеме алдық.
Кеше жиындарды жеткізу аяқталды.
Оларды облыстың: Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Приозерск, Сәтбаев, Саран, Теміртау, Шахтинск, Абай, Ақтоғай, Бұқаржырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаровка, Ұлытау және Шет секілді 17 қаласы мен кенттерінің отбасылары алды.
«Біздің қор пандемия басталғаннан бері мүгедек балалары бар отбасыларға атаулы көмек көрсетеді. Біз оларға киім-кешек, ойыншық мен кітап, тәтті сыйлықтар, азық-түлік пен онлайн-оқуға көмек үшін планшеттер табыс еттік.
Қарағандыда мұндай отбасылар өткен жылдың желтоқсан айында өткізген «Қамқорлық күші» шарасы аясында азық-түлік жиынтығын алды.
Әрине, мұндай көмекті Қарағанды облысы үшін игі дәстүрге айналдыруға қуаныштымыз. Барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз және зор денсаулық, амандық, бақыт және ертеңгі күнге сенім тілейміз», — деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.