KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

AYALA ҚОРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ НЫҒАЮДА

26.10.2023

Пусан Ұлттық Университеті Госпиталінің бас дәрігері түрлі бейіндегі дәрігерлер делегациясымен бірге Алматыға келді. Профессор Джонг Сон Ун Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен кездесу өткізіп, Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында және Алматы облысының Облыстық ауруханасында болды.

AYALA қайырымдылық қоры мен Пусан Ұлттық Университетінің Госпиталі арасындағы ынтымақтастық 2016 жылы басталған болатын. Жеті жыл ішінде жыл сайын Алматы мен Астанаға балаларға ортопедиялық патологиялар, әйелдерге гинекологиялық аурулар және онкология бойынша тегін кеңес беру үшін дәрігерлер делегациялары келді. Пусаннан келген дәрігерлер 680 баланы тегін диагностикалап, қазақстандық балалар дәрігерлерінің біліктілігін арттыру үшін ондаған практикалық шеберлік сыныптары мен семинарлар өткізді.

Сондай-ақ, Алматы, Астана, Павлодар және Тараздан келген 17 дәрігер Пусанда тегін оқып, нейрохирургия, ортопедия, травматология, неонаталды офтальмология бойынша Пусан Ұлттық Университетінің Госпиталінде үздік тәжірибелерімен алмасты. Барлық білімдері мен практикалық тәжірибелерін олар қазақстандық ауруханаларда кішкентай пациенттерге көмек көрсету үшін табысты қолданады.

Биылғы жылдың қазан айында делегацияның сапары аясында гинеколог-дәрігер, профессор Ким Сынг Чоль Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында 22 науқасқа тегін тексеру жүргізді және кеңес берді, ал ортопедия бөлімінің меңгерушісі профессор Ли Джонг Соп Алматы облысының облыстық ауруханасында 85 баланы тегін тексеріп, кеңес берді. Қыркүйек айында профессор Ли Astana Marathon-да жүгіруге қатысып, Астана қаласының № 2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасында 18 баланы диагностикалады.

«Біз ынтымақтастығымыздың жемісті дамып, жыл сайын нығайып келе жатқанына қуаныштымыз. Пусан Ұлттық Университеті Госпиталінің қазақстандық дәрігерлердің біліктілігін арттырудағы көмегі еліміздің балалар дәрігерлері мен балалар денсаулық сақтау саласының күшті практикалық құзыреттерін қалыптастыруға маңызды үлес қосады. Болашақта біздің жемісті ынтымақтастығымызды отандық дәрігерлердің кәсіби дамуына басымдық бере отырып жалғастырамыз деп үміттенеміз», — деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс