KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

AYALA ҚОРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰРЫҚ ХИРУРИЯСЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕСІ

17.05.2024

AYALA қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова Алматыда өткен «Ана мен бала» медициналық конференциясында баяндама жасады. Бұл Қазақстанның жетекші акушер-гинекологтары үшін ең ірі кәсіби оқиға.

Айдан Төлеутайқызы біздің қор ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне Қазақстанда феталдық медицинаны дамытуға қалай көмектесетінін айтып берді:

  • Екатеринбург қаласындағы «Урал АБҚ ҒЗИ» ФМБМ Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының бір топ дәрігерлерімен кездестік.
  • РФ жетекші феталдық хирургі Н.В. Косовцовамен таныстық.
  • Жұмыс алгоритмдерін, реанимация жабдықтарын біліп, жобаны іске асыру жоспарын жасадық.
  • Испаниядағы феталдық хирургия бойынша Дүниежүзілік конгресте болдық.
  • «Ана мен бала» XXIV форумына қатысып, Мәскеудің жетекші феталдық хирургтерімен танысып, олардың жетістіктерін білдік.
  • Астанада өткен Перинаталдық медицина мамандарының І халықаралық конгресін қолдадық. 2 лектор: Н.В. Косовцова мен УДЗ дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты А.Ю. Блиновтың сөз сөйлеуін ұйымдастырдық.
  • Дәрігерлер тобымен бірге Минскіде «Демографиялық қауіпсіздік мәселелерін шешудегі заманауи перинаталдық медициналық технологиялар» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатыстық. Феталдық хирург М.В.Белугамен және феталдық медицинаның беларусьтік тәжірибесімен таныстық.
  • GASENERGY компаниясының көмегіне лазер мен фетоскоптар жиынтығын сатып алып, Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының базасында феталдық ота жасау үшін тапсырдық.
  • Алматы қаласы ҚДБ-ның қолдауымен Марк Аркадьевич Курцердің «Ұрық медицинасы» тақырыбында дәрісін ұйымдастырдық. Дәріске 200-ден астам маман мен резидент қатысты, онлайн-трансляцияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ден астам тыңдаушы қосылды.
  • Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы мен Астана қаласының АБҰҒО дәрігерлерін Екатеринбург қаласына «Феталдық медицина» курсы бойынша оқуға жібердік.
  • Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының дәрігерлерін Мәскеуге жібердік. Онда олар «Ана мен бала» жекеменшік орталығында «Монохориалды қосарланған кездегі фето-феталды трансфузиялық синдром кезіндегі плаценталық анастомоздардың лазерлік коагуляциясы» феталдық отасына қатысты.
  • Биыл Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының 4 дәрігерінен тұратын бригаданы Делиде (Үндістан) «Феталдық медицина» курсы бойынша оқыту жоспарланып отыр.

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс