KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

AYALA қоры Семейдегі жаңа туған нәрестелердің өмірін құтқаруға көмектеседі

10.02.2021

Терапиялық гипотермия мен электроэнцефалографияға арналған аппараттарды AYALA қайырымдылық қоры Семей қаласының Перинаталдық орталығына тапсырды. Құрал-жабдықтар Данияр Рүстемұлы Әбілғазиннің қайырымдылығының арқасында сатып алынды. Қор бұл медициналық құрал-жабдықтар гипоксияның ауыр түрлерінен болатын жаңа туған нәрестелер өлімін азайтуға көмектеседі деп сенеді. 

 Перинаталдық орталық Семейде 82 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және қарқынды терапиясы бөлімшесіндегі 12 төсекті қоса алғанда, 190 төсекке есептелген. Жыл сайын онда перинаталдық кезеңнің әртүрлі патологиясы бар 450-ден 600-ге дейін жаңа туған нәрестелер емделеді. Шамамен 35%-ын шала туған балалар құрайды. Бұл перинаталдық орталық қала халқына да, Семейден 200-600 шақырым қашықтықта орналасқан кенттерге де қызмет көрсетеді. AYALA қоры берген гипотермияның аппараттық кешенінде жыл сайын осы өңірде оннан астам жаңа туған нәрестелерге күтім жасалатын болады.

Гипотермия аппараты өте нәзік және өмірлік маңызды жұмыс атқарады. Ол нәрестенің бүкіл денесін немесе оның белгілі бір бөлігін температура деңгейінің өте дәл мөлшерімен ұқыпты салқындатады. Нүктелік температуралық әсерлер қан ағынын түзетуге және сол арқылы нәрестелердің бас миы жасушаларының немесе зақымданған бөліктерінің қалпына келуін бақылауға мүмкіндік береді.

Бұл ретте жаңа туған нәресте өмірінің алғашқы сағаттарында, тіпті минуттарында терапиялық гипотермияны қолдану өте маңызды. Сонда ғана ми жасушаларының жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік болады. Егер мұндай аппарат ауруханада болмаса, бала орталық жүйке жүйесінің ауыр функционалдық зақымдануына ұшырайды, тіпті өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

Бүгінгі күні терапиялық гипотермия гипоксиялық-ишемиялық зақымданулар кезінде жаңа туған нәрестелердің бас миын қорғаудың әлемде танылған негізгі физикалық (дәрі-дәрмексіз) әдісі ретінде қарастырылады.

Мұны AYALA қорының елордалық Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығынан алған мәліметтері де растайды. Онда 2017 жылғы қарашадан 2019 жылғы маусымға дейін жансақтау бөлімінде емдік гипотермия аппаратын пайдалана отырып, орташа ауыр және ауыр дәрежедегі гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия диагнозымен 72 жаңа туған нәресте емделді. Терапиялық гипотермияның тиімділігі клиникалық, зертханалық және аспаптық деректер бойынша, сондай-ақ балаларды бақылау нәтижелері бойынша анықталды. 95%-да оң нәтиже алынды: толық клиникалық сауыққан балалар қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды. Бұдан кейін дәрігерлердің бақылауына болған осы балалардың дені сау, ешқандай неврологиялық ауытқусыз болатынын көрсетті.

2020 жылы Алматы, Атырау және Түркістан қалаларында AYALA қоры орнатқан гипотермия аппараттарының көмегімен  20-дан астам жаңа туған нәресте оңалып шықты.

«2007 жылдан бері біздің қор жұмысының басты мақсаты — Қазақстандағы сәбилер мен балалар өлімін азайту. Ол үшін біз бүкіл Қазақстан бойынша балалар реанимацияларына ең заманауи медициналық құрал-жабдықтарды орнату үшін қайырмалдықтар жинап жатырмыз. 14 жыл ішінде ірі демеушілердің қолдауымен, сондай-ақ краудфандингке қазақстандықтардың қатысуымен қор еліміздегі жүздеген мың бала өмірін сақтап қалды. 2017 жылдан бастап біздің қор перинаталдық орталықтарды гипотермия қондырғыларымен жабдықтау үшін демеушілер іздеуге белсене қосылды. Демеушілердің қолдауымен 4 жыл ішінде біз осындай аппараттық кешендерді Нұр Сұлтан қаласындағы Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығында, Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында, Атырау мен Түркістан облыстық перинаталдық орталықтарында және Семей қаласының Перинаталдық орталығында орнаттық. Баланың әрбір құтқарылған өмірі — бұл үлкен ортақ жеңіс. Біздің жаңа құрал-жабдықтарымыз бұған көмектесетініне сенімдімін», — деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.

 Құрал-жабдықтар «Өмірді сыйлайық» республикалық жобасы аясында тапсырылды. 14 жыл ішінде бұл жоба Қазақстанның 36 қаласы мен 67 медициналық мекемесін қамтыды. Жүздеген қазақстандық неонатологтар мен медбикелер біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Жобаны жүзеге асыру барысында ірі демеушілер мен қазақстандықтар аударған 642,3 млн теңгеге қор 96 фототерапия аппаратын, 11 ӨЖЖ аппаратын, жаңа туған нәрестелерге арналған 7 инкубатор, 18 реанимациялық үстел, 25 кереует алдындағы монитор, 2 наркоз аппаратын, 4 ЭЭГ аппаратын және 6 терапиялық гипатермия аппаратын сатып алып, ауруханаларға жеткізді.

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс