Біздің қор аса маңызды қонақтарды қабылдады. Бізге ҚР Білім және ғылым вице-министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев келді. Біз оған кеңсемізді көрсетіп, қор жұмысын қалай жоспарлап отырғанымыз туралы айттық. Қордың 2030 жылға дейінгі стратегиясын әзірлеуде қолданған Тренд картасымен таныстырдық.
Содан кейін ҮЕҰ өкілдерімен бірге серіктесіміз – Gasenergy АЖҚС кеңсесінде балалар құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кеңеске қатыстық.
ҮЕҰ басшылары білім беруге ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған ғылымда өздерін іске асыру құқықтарын қорғау, қауіпсіздікпен байланысты проблемалар туралы ашық айтты.
Балалар мен жасөспірімдердің кәсіби бағдарына көп көңіл бөлінді. Біздің қор өз тәжірибесі туралы ақпартты бөлісті. Біз Қарағандыдағы БЕҚ бар балаларға арналған балалар үйіндегі шеберханалар туралы және мектеп-интернатта оқып жүрген кезде кәсіби бағдарлау курстарынан өтіп, сұранысқа ие барбер-шебер болған Анвар Әбілов туралы айтып бердік.
Ғани Бектайұлымен кездесу бір 3 сағатқа созылды, соңында ол балалардың құқықтарын қорғауға қосқан үлесі үшін оның барлық қатысушыларына алғысын білдірді. Вице-министр мұндай кездесулерді тұрақты — кем дегенде әр екі ай сайын өткізуді жоспарлап отыр.