KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

AYALA ҚОРЫ ЕКІ ДӘРІГЕРДІ ОҢТҮСТІК КОРЕЯҒА ТЕГІН ТАҒЫЛЫМДАМАҒА ЖІБЕРДІ

27.07.2023

Павлодар қаласының облыстық көпсалалы ауруханасының екі дәрігері Пусан Ұлттық Университеті Госпиталінің (ПҰУГ) шақыруымен Оңтүстік Кореяда екі апталық тегін тағылымдамадан өтуде.

Ерлі-зайыпты Қуат Мұхаметқайырұлы Ғабдулғазизов пен Сәуле Оралқанқызы Ғабдұлғазизова ортопедия және офтальмология бөлімшелерінде дәрігер болып жұмыс істейді.

«Біз тағылымдамадан өтуге қуаныштымыз, корейлер өте қонақжай, тату-тәтті. Біз көргіміз келгендердің бәрін көрсетіп, айтып берді, отаға күн сайын бардық. AYALA қорына осы госпитальде оқуға мүмкіндік бергені үшін үлкен рахмет!

Сәуле Оралқанқызы, офтальмолог-дәрігер балалардың экзотропиясын жою бойынша отаға қатысты, шала туған нәрестелердің ретинопатиясын диагностикалауды қоса алғанда, шала туған нәрестелерді тексеруге қатысты, ИОЛ имплантациясымен катарактты факоэмульсификациялау жөніндегі отаға, гемофтальм, көз торының ажырауы, эпиретинальды мембрана, макулярлық үзілу кезіндегі витреалды хирургияға, глаукома кезіндегі гипотензиялық отаға қатысты.  Сондай-ақ, ол госпиталь профессорларының қабылдауында диагноздар мен емдеу тактикасын талқылауға мүмкіндік алды.

Қуат Мұхаметқайырұлы, ортопед-дәрігер, ПҰУГ профессорларымен ұзын қуыс сүйектері сынған пациенттердің кейстерін талдап, ірі буындардың сынықтарын жедел емдеудің заманауи әдістерімен танысты. Ұзын қуыс сүйектердің сынықтарын остеосинтез, омыртқаны транспедикулярлы бекіту (ОТБ) бойынша оталарға қатысты. ОТБ — бұл импланттар немесе транспедикулярлы бұрандалар арқылы омыртқаларды тұрақтандыруға арналған хирургиялық операция. Осы бұрандаларды орнатудың арқасында омыртқа тірек алады және сенімді түрде бекітіледі.

Қуат Мұхамедәлиұлы мен Сәуле Оралқанқызы Пусан Ұлттық Университетінің Госпиталінен кәсіби тағылымдамадан өткені туралы сертификат алды. Бұл дәрігерлер алған білімдерінің барлығын Қазақстанға әкеліп, пациенттерге көмек көрсету үшін Павлодарда қолданатын болады.

AYALA қоры 2016 жылдан бері қазақстандық дәрігерлерге арналған білім беру бағдарламаларын ПҰУГ-мен бірлесіп іске асыруда. Бізді Оңтүстік Кореяның медициналық мекемесі қазақстандық дәрігерлердің біліктілігін арттыру бағдарламаларына серіктес ретінде таңдап алды. 6 жыл ішінде ондаған ПҰУГ мамандары Қазақстанның балалар ауруханаларына барып, 100-ден астам пациентті бірлесіп тегін қабылдады.

Біздің қор қазақстандық балалар ауруханасының дәрігерлері үшін Пусандағы біліктілікті арттыру курстарына ұшуды және тұруды қамтамасыз етеді. Бұл бағдарлама беделі мен біліктілігінің жоғары деңгейі әлемнің түкпір-түкпірінен пациенттерді тартатын оңтүстік кореялық дәрігерлердің тәжірибесін, құзыреттілігі мен кәсібилігін қабылдауға көмектеседі.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс