AYALA қоры Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының жетекшісі Гүлнар Қазтайқызы Нұрлановамен және УДЗ-дәрігері Валентина Заниловамен бірге Испанияның Валенсия қаласында өткен феталдық медицина жөніндегі XX Дүниежүзілік конгреске қатысты.
Конгресті ұйымдастырушы — Феталдық медицина қоры, оның қызметі феталдық медицина саласында зерттеулер мен оқыту жүргізу арқылы жүкті әйелдер мен олардың балаларының денсаулығын жақсартуға бағытталған.
Халықаралық сарапшылар тобының қолдауымен Қор медицина жұмыскерлері мен ата-аналарға арналған білім беру бағдарламасын, сондай-ақ феталдық медицинаның түрлі аспектілері бойынша құзыреттілік сертификаттарының сериясын әзірледі.
Соңғы 20 жылда Феталдық медицина қоры зерттеулер мен дәрігерлерді оқытуды қолдап, жалпы сомасы 23 млн фунт стерлингті құрайтын гранттарды мынадай бағыттарға бөлді:
Конгреске әлемнің 109 елінен 2000-нан астам дәрігер қатысты, Конгрестің 5 күні ішінде қатысушылар 200 баяндама тыңдады. Қазақстандық мемлекеттік медициналық орталық бұл шараға алғаш рет қатысты.
Бізге Феталдық медицина ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ки́прос Николаи́диспен танысудың сәті түсті. Кипрос — феталдық хирургия саласындағы жетекші әлемдік сарапшылардың бірі, ол феталдық хирургия бойынша ғылыми журналдарда 1000-нан астам мақаланың, 30-дан астам кітапт пен монографияның авторы.
Феталдық хирургия немесе ұрық хирургиясы дәрігерлерге ұрықтың жатыр ішіндегі дамуының түрлі патологиясын түзетуге мүмкіндік береді. Алғашқы феталдық ота АҚШ-та 1981 жылы жасалды. Сол кезде дәрігерлер жүктіліктің 36 аптасында ұрықта несеп жолының өтпейтіндігін түзете алды. Ота сәтті өтті және медицинада жаңа бағыт ашты.
Қазіргі заманғы феталдық хирургия аз инвазивті әдістермен ұрықтың 20-дан астам түрлі патологиясын түзетуді жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, баланың туғаннан кейін өлімін немесе ауыр мүгедектігін болдырмауға мүмкіндік береді. Қазақстан үшін бұл жаңа бағыт және біздің қор біздің елімізде балалар мүгедектігін азайту бойынша ең тиімді құралдардың бірі ретінде пренаталдық медицинаның осы бағытын қалыптастыруға көмектесетін болады.
Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы феталдық хирургияны дамытуға мүдделі. 2023 жылы дәрігерлер тобы, соның ішінде біздің қордың қолдауымен осы медициналық бағыттағы озық тәжірибелерді зерделеу үшін шетелдегі озық феталдық орталықтарға барады.
Біздің қор бала кезден мүгедектікті азайту үшін озық медициналық технологияларды үнемі іздестіруде. Валенсияда өткен конгресте біз Fetoly-heart инновациялық медициналық құралымен таныстық. Бұл барлық заманауи УДЗ жүйелеріне қосылатын жасанды интеллекті бар аспап. Ұрықты нақты уақыт режимінде зерттеу барысында бұл аспап онлайн-талдау жүргізеді және жасанды интеллект көмегімен ұрық жүрегін ультрадыбыстық зерттеу кезінде көрінетін аномалияларды анықтауға және дәрігерлік қателік қаупін жоя отырып, барлық анатомиялық және сапалық бағдарлардың болуын растауға көмектеседі. Ол сондай-ақ УДЗ-нің ең үздік суреттерін нақты уақыт режимінде бөліп көрсетеді және УДЗ-дәрігерді қолмен суретке түсіруден және есеп жасаудан босатады.
Біз мұндай құралдың Ұрықты қорғау орталықтарында УДЗ-дәрігерлерімізде пайда болғанын қалаймыз. Оның жұмысын жақын арада Қазақстанда сынақтан өткізуге мүмкіндік іздейміз.