KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

AYALA АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГТАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

27.11.2023

AYALA қайырымдылық қоры РҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Марк Аркадьевич Курцердің дәрістерін ұйымдастырды, оларды жүздеген қазақстандық дәрігерлер тыңдай алды. Оқыту Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен 2023 жылдың қазан айында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылды.

Марк Аркадьевич Курцер РФ-да моногендік аурулардың преимплантациялық генетикалық диагностикасын жүргізуді енгізген жаңашыл әрі зерттеуші ретінде танымал. Ол плацента бірігіп кететін пациенттерді босандыру кезінде, акушерлік қан кетулер, жатыр миомасы, акушерлік перитониттер кезінде эндоваскулярлық технологияларды пайдалана отырып, ағзаны сақтайтын, қан сақтайтын емдеу әдістерін әзірледі. 2016 жылы Ресейде алғаш рет Spina bifida кемістігі кезінде ұрыққа ашық ота жасады.

Академиктің дәрістері ағымдағы жылы AYALA қорын белсенді дамытатын: «Ұрық медицинасы» және «Ауқымды қан кету кезіндегі акушерлік тактика қағидаттары» атты өзекті тақырыптарға арналды. Марк Аркадьевич сөз сөйлеу барысында өз тәжірибесімен, жаңа ғылыми жетістіктерімен және тәжірибеде қолданылатын стратегияларымен бөлісіп, жүздеген қазақстандық медицина саласының кәсіби мамандарынан тұратын аудиторияның қызығушылығын тудырды.

«2022 жылдан бастап AYALA қорының басты мақсатытуғаннан бастап балалардың мүгедектігін азайту. Соңғы 10 жылда елімізде 0-18 жас аралығындағы мүгедек балалар саны екі есеге артты, қазір ол 100 мыңнан асады. Қазақстанның өлшемдері бойыншабұл шағын қала халқы. AYALA қоры бұл үрейлі трендті тоқтатуға ұмтылады. Сондықтан да біз серіктестер мен демеушілердің барлық қаражатын перинаталдық орталықтарға арнайы медициналық құралжабдықтар орнатуға жұмсаймыз, дәрігерлердің, акушергинекологтардың, УДЗмамандардың біліктілігін арттыруға күш саламыз, Қазақстанда феталдық хирургияның қалыптасуына көмектесеміз», деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.

Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухана базасында өткен әлемге танымал сарапшының дәрістеріне 200-ден астам маман мен резидент қатысты. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ден астам тыңдаушы YouTube-те онлайн трансляцияға қосылды. AYALA қайырымдылық қорының іс-шарасы оларға Қазақстанның акушерлік және гинекология саласындағы жетекші маманымен тәжірибе алмасуына және біліктілігін арттыруына бірегей мүмкіндік берді.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс