KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

АТЫРАУДА БІРЕГЕЙ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ АРҚАСЫНДА ШАЛА ТУҒАН СӘБИДІҢ ӨМІРІ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

23.02.2026

Атырау облыстық перинаталдық орталығының неонаталдық бөлімшесі бүгінде жабдықталу деңгейі бойынша Қазақстандағы ең үздіктердің бірі. Мұнда тіпті сирек қолданылатын бірегей жабдықтар да бар. Егер қолданылса, онда әңгіме өмірді құтқару туралы болып отыр.

2025 жылдың желтоқсанында жүктіліктің 32 аптасында өте ауыр жағдайда бала дүниеге келді. Шұғыл тексеруден кейін дәрігерлер оның өкпе гипертензиясының белгілерін — ағзасы, оның ішінде миының жеткілікті оттегін алмайтынын анықтады.

Консилиумда АҚШ, Жапония, ЕО елдері мен Қазақстанда неонаталдық реанимацияларда кеңінен қолданылатын жоғары технологиялық әдістеме – азот оксидімен терапияны қолдану туралы шешім қабылданды.

«Терапия басталғаннан кейін бірден біз оң динамиканы көрдік. Сатурация артты, ал оттегіге тәуелділік төмендеді. Алғашқы тәуліктің соңына қарай бала кәдімгі ӨЖЖ-ге ауыстырылды, екінші тәулікте — CPAP инвазивті емес желдеткішіне ауыстырылды. Төртінші тәулікте ол өз бетінше дем ала алды, ал бесінші тәулікте реанимациядан Нәрестелер патологиясы бөлімшесіне ауыстырылды. Мұндай қиын жағдайда азот оксидімен емдеуге арналған аппараттың болуы ғана жаңа туған нәрестенің өмірін құтқаруда шешуші рөл атқарды. Бұл үшін AYALA қорына және «Теңізшевройл» компанияссына алғысымызды білдіреміз», — деп атап өтті Атырау қаласындағы ОПО директорының неонатология жөніндегі орынбасары Гүлмира Мерхатқызы Әбікеева.

Бүгінде бұл бала тірі, үйге шығарылды, өсіп келеді және отбасының қуанышына айналды.

Азот оксидімен терапияға арналған аппарат қанды оттегімен қанықтыруға көмектеседі, миды қоса алғанда, барлық ағзалардың өміршеңдігін қамтамасыз етеді. «Теңізшевройл» компаниясының қолдауының арқасында бұл озық медициналық технология Атырау облысының тұрғындарына да қолжетімді.

Өңірде заманауи құрал-жабдықтар мен кәсіби дәрігерлер болғанда балалардың өмір сүруге мүмкіндігі артады. Бұл ірі бизнестің, қайырымдылық қоры мен дәрігерлердің ортақ күш-жігерінің ең басты нәтижесі.

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс