KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

АСТАНА МАРАФОНЫ: ЖҮГІРУ БАЛАЛАРҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

27.09.2021

Астана марафоны елордада 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыттан бастап біздің AYALA қорымыз — ірі қазақстандық компаниялар қызметкерлерінің қатысуының негізгі бенефициары.

5 жыл ішінде Астана Марафоны арқылы қордың жинаған қаражаты 13,8 миллион теңгеден асты.

Бұл қаражатқа бірнеше қайырымдылық жобалар жүзеге асырылды. Нұр-Сұлтан қаласындағы № 2 балалар ауруханасында және Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы Облыстық балалар үйінде екі сенсорлық бөлме ашылды. Ана мен бала ұлттық орталығына (Нұр-Сұлтан) асфиксиямен туған балалардың өмірі мен зиятын сақтап қалу үшін терапиялық гипотермия аппараты сатып алынды. Қарағанды қаласының Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатқа аудиометр берілді. Ал елордалық № 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде ерекше қажеттілігі бар балалар (БЦС, аутизм, ақыл-ой дамуының кідіруі) TOMATIS аппаратында түзету дамуын ала бастады.

Биыл Астана Марафонына қатысудан түсетін қаражат Батыс Қазақстан облысының жаңа туған сәбилерінің денсаулығы мен зиятын сақтап қалуға бағытталды. Орал қаласындағы Облыстық перинаталдық орталықта жыл сайын шамамен 13 мың бала дүниеге келеді, олардың 7% жуығы — шала туған балалар. Орталық қызметкерлері жаңа туған нәрестелердің сары ауруына шалдыққандығын атап өтті.

Біз ҚАМҚОР және PTC Holding компанияларына Астана Марафонына қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Корпоративтік қатысу үшін олардың жарналарынан түскен қаражатқа біз осы перинаталдық орталыққа 4 фототерапия шамын сатып алып, тапсырамыз. Олар медицина жұмыскерлеріне жаңа туған нәрестелердің зияты мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі!

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс