KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

АСТАНА БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКУШЕРЛЕР КОНГРЕСІН ҚАБЫЛДАЙДЫ

11.04.2024

Астанада 11 және 12 сәуірде акушерлік іс мамандарының «Аялы алақан» І халықаралық конгресі өтті. Шараның мақсаты — акушерлік қызметтің жұмысын жетілдіру және Қазақстанның денсаулық сақтау ісіндегі акушерлердің рөлін арттыру. Конгресті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Назарбаев Университеті Медицина мектебінің және «University Medical Center» корпоративтік қорының қолдауымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен AYALA қайырымдылық қоры ұйымдастырды. Оған әлемнің сегіз елінен — Қазақстаннан, Швециядан, Австралиядан, Латвиядан, Беларусьтан, Литвадан, Ресейден, Қырғызстаннан 250-ден астам медицина қызметкері қатысты.

Акушерлік – барлық елдерде әйелдердің, сәбилер мен отбасылардың өмір сүруі, денсаулығы мен амандығы үшін негізгі құрамдас бөлік. БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарының 17-нің алтысында акушерлердің елеулі ықпалының атап өтілуі кездейсоқ емес: олар денсаулық пен амандықты қамтамасыз етуге үлес қосады, ана мен баланы тамақтандыру мәселелерімен айналысады, әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді, қоғамдық институттарды құруға және қолдауға, бүкіл әлемде әлеуетті арттыруға үлес қосады.

«Акушерлер денсаулықты нығайтуда, аурулардың алдын алуда, ана мен баланы емдеуде және күтуде маңызды рөл атқарады. ДДҰ бағалауынша, медбикелер мен акушерлер бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жұмыскерлерінің жартысына жуығын құрайды. Олардың көшбасшылық қасиеттерін ілгерілету және кәсіби даярлық бағдарламаларының көмегімен тең құқылы және лайықты еңбек жағдайларына қол жеткізу үшін олардың мүмкіндіктерін кеңейту өте маңызды», — деп атап өтті ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің өкілі Скендер Сыла

Қазақстан үшін акушерлік практиканы одан әрі дамыту ана мен бала өлім-жітімінің деңгейін төмендетуді қоса алғанда, көптеген өзекті міндеттерді шешумен байланысты. Сондықтан I Халықаралық конгресс Еуропалық одақ елдерінің мысалында ауылдық жерлерден қалаға дейін акушерлік қызмет көрсету модельдерін талқылау, жүктілік пен босану кезінде ұрықтың жай-күйін диагностикалауға акушерлердің әсері, перинаталдық шығындарды сүйемелдеудегі акушердің рөлі, босандыру ұйымдарындағы инфекциялық бақылауға әсері және басқа да маңызды кәсіби мәселелер сияқты өзекті тақырыптарды көтереді.

Конгреске қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова:

«Акушерлік көмек жүйесін одан әрі нығайту үшін оқыту мен даярлықты ұйымдастыруға инвестициялар, лайықты жалақы, сондай-ақ қауіпсіз, қолдаушы және құрмет көрсетілетін жұмыс істеу мүмкіндігі қажет. Іс-қимыл жасайтын — акушерлерді дайындауға қаражат салатын және әрбір әйелге өмірінің ең маңызды сәттерінің біріне мұқтаж көмекке және қолдауға мүмкіндік беретін уақыт келді. Акушерлік кадрларды даярлау сапасына оларда әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге босану процесінде қауіпсіз және тиімді көмек көрсету үшін қажетті білімнің, дағдылардың және құзыреттердің болуы тікелей байланысты. Жүктілік пен босанудың сәтті аяқталуы акушерлердің тәжірибесіне, біліміне және кәсіби шеберлігіне байланысты екені белгілі. Акушерлік көмек жүйесіне инвестициялар әрбір жүктілік қалаулы және әрбір босану қауіпсіз әлемді қалыптастыруға тағы бір қадам жасауға мүмкіндік береді!».

Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің вице-президенті және деканы доктор Массимо Пиньятелли «Халықаралық акушерлер конгресі әлемдік үздік тәжірибелерді жергілікті қажеттіліктермен ықпалдастыру жолындағы айтарлықтай қадамды білдіреді. Назарбаев Университетінің Медицина мектебі акушерлік саласындағы кәсіпқойлар табысты дамуы мүмкін орта құруда ынтымақтасу мүмкіндігін мақтан тұтады. Халықаралық стандарттар мен зерттеулерді қоса алғанда, біз әрбір ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға ұмтыламыз. Бұл конгресс біздің денсаулық сақтау саласындағы білімді ілгерілетуге бейілділігімізді көрсетеді және барлық мүдделі тараптарға пайдасын тигізетін мультидиспинарлық тәсілді қолдануға ықпал етеді».

Екі күн бойы бірінші І Халықаралық акушерлер конгресінің қазақстандық және халықаралық спикерлері алғашқы медициналық-санитарлық көмек моделінде акушерлік қызмет көрсетудің негізгі тәсілдері туралы тәжірибелерімен бөлісіп, нақты деректермен жұмыс жүргізу акушерлік практикада қалай көмектесетінін, ғылыми негізделген акушерлік практикадағы негізгі сәттерді айтып берді.

Конгресте акушерлерге арналған: босанғаннан кейінгі қан кетулердің алдын алуда пневматикалық емес шокқа қарсы костюмдерді (NASG) қолдану бойынша, жүкті әйелдерге патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделі бойынша және акушерлік практикадағы басқа да өзекті тақырыптар бойынша шеберлік сыныптары өткізіледі.

«AYALA қайырымдылық қоры — 17 жылдан бері Қазақстанның неонатологиясы мен перинатологиясын дамытуда мемлекетке жүйелі түрде көмек көрсетіп келе жатқан жалғыз қор. Біз өз жұмысымызда медицина жұмыскерлерінің кәсіби дамуын қолдауға ерекше көңіл бөлеміз. Жыл сайын біздің қор таяу және алыс шет елдердің үздік практик мамандарының қатысуымен Қазақстанда тәжірибелік шеберлік сыныптарын өткізеді. Біз сондай-ақ дәрігерлерді шетелге оқуға және біліктілігін арттыруға жібереміз. Біздің тегін бейне курстары бар «AYALA онлайн-академиясы» платформасында 1,5 мыңнан астам неонатолог және неонаталдық медбике тіркелген. Өткен жылы біз перинаталдық орталықтардың орта медицина қызметкерлерінің құзыреттілігі мен сараптамасын одан әрі дамытуға оң серпін берген алғашқы Халықаралық неонаталдық медбикелер форумын өткіздік. Биыл Қазақстанда алғаш рет Халықаралық акушерлер конгресін ұйымдастырдық. Біздің бастамамыз ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан қолдау тапқанына қуаныштымыз. Тақырыптар мен спикерлердің барлық қатысушылар үшін өзекті әрі қызықты екенін көріп отырмыз. Осы форумда алынған білім мен тәжірибе еліміздегі акушерлік тәжірибені жетілдіруге және ұлт денсаулығын нығайтуға көмектеседі деп үміттенеміз», деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс