KZ RU
КӨМЕКТЕСКІМ КЕЛЕДІ

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

Қарағандылықтардың қамқорлық күші 200 отбасының көмектесті

29.12.2020

AYALA Қайырымдылық қоры Жаңа жылға қарай Қарағандының күнкөрісі төмен 200 отбасына азық-түлік сатып алып, оны табыс етті. Азық-түлік себеттері CUMMINS Қазақстан компаниясының демеушілік қолдауымен сатып алынды.

«Қамқорлық күші» — биылғы желтоқсанда AYALA қайырымдылық қоры өткізетін науқан осылай аталады. Ол COVID-19 пандемиясының салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған қазақстандық отбасылардың Жаңа жылдық үстеліне азық-түлікпен көмектесуге бағытталған.

«Біз 21 желтоқсанға дейін CUMMINS компаниясынан грант алып, Қарағандының 200 отбасы Жаңа жылға қарай азық-түлік алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға асықтық. Әдетте осы мерекеде дайындалатын дәстүрлі өнімдерді себетімізге қосуға тырыстық. Сонымен қатар біз оған жаңа піскен көкөністер, алма, сүт және қышқылды сүт өнімдері, жұмыртқа, жаңа сойылған тауық, ет және көкөніс консервілері, тәттілер мен печенье қосып қойдық. Біздің қоржынымызға балаларға арналған жуу құралдары мен жөргектерді қоса алғанда 23 атау енді. Біздің есептеуімізше, бұл жиынтық әрбір отбасына 1-2 аптаға жетуі тиіс. Негізгі қиындық тез жеткізуді қамтамасыз ету болды, себебі бізде тез бұзылатын өнімдер көп. Осында бізге қайырымды қарағандылықтар көмекке келді. Еріктілер 200 қораптың бәрін тез орауға көмектесті және 11 жүк көлігін тегін бөлді, кейін олар азық-түлік қораптарын сенбі және жексенбі — демалыс күндері әрбір отбасына жеткізді! Бұл қазақстандықтардың нағыз Қамқорлық күші болды! Оны мұқтаждыққа түскендердің де сезінуі керемет еді. Бұл үшін қарағандылықтарға шын жүректен алғыс айтамыз», — деп атап өтті AYALA қорының президенті Айдан Сүлейменова.

AYALA қайырымдылық қоры желтоқсан айында 10 науқан өткізді. Олардың көпшілігі тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік көмегімен байланысты. Алматыда Mamma Mia Group қолдауымен 100-ге жуық отбасы 50 килограмдық ұн алды. Бұл науқанға Еуразиялық азық-түлік корпорациясы — 3 тілек желісін өндіруші де қосылды. Осының арқасында отбасылар ұнмен бірге өсімдік майы мен сары май, майонез, салат тұздықтарын, қоюландырылған сүт жиынтықтарын алды. Алматыдағы Түрксіб ауданының 40-тан астам тұрмысы төмен отбасылары #SaksFifthAvenue дүкені клиенттерінің қолдауымен балаларға арналған тәтті сыйлықтар салынған азық-түлік себетін алды. Ал Орифлейм компаниясы осы отбасылардың әр баласына тәтті сыйлық қосуға қаражат бөлді. Нұр-Сұлтанда АТФ банк клиенттері мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған күнкөрісі төмен 15 отбасының жаңа жылдық үстелін азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Әрине, қайырымдылық қоры үшін бұл айтарлықтай шиеленісті кезең. Бірақ ол Қазақстанда өз Қамқорлық күшін ізгі істерге бағыттауға дайын қаншама қайырымды адам өмір сүріп жатқанын өте өткір сезінуге мүмкіндік береді.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

НҰР-СҰЛТАН

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
Төлемдерге жазылудан бас тарту
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс