KZ RU
КӨМЕКТЕСКІМ КЕЛЕДІ

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ КӘСІБИ БАҒДАРЛАЙТЫН «СҰЛУЛЫҚ САЛОНЫ» АШЫЛДЫ

21.04.2022

AYALA қайырымдылық қоры ORIFLAME компаниясының қолдауымен Қарағанды қаласындағы даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйінде «сұлулық салоны» форматында заманауи кәсіби бағдарлау шеберханасын ашты. Бұл «Кәсіби бағдарлау» жобасы аясында аталған білім беру мекемесінде жұмыс істейтін үшінші шеберхана. Қордың 15 жыл ішіндегі жұмысы барысында бүкіл Қазақстан бойынша мектеп-интернаттарда және балалар үйлерінде 20-дан астам кәсіби бағдарлау шеберханалары ашылды.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйінде Қарағанды облысының түкпір-түкпірінен 133 тәрбиеленуші білім алады және тұрады. Енді олардың соңғы үлгімен жабдықталған жеке сұлулық салоны бар — шаштараз шеберханасы орналасқан бөлме дәл осылай көрінеді. Жаңа ақ жиһаз, ыңғайлы жұмсақ креслолар, басты кәсіби жуатын шұңғылша, шаш қырқуға, сәндеуге арналған аксессуарлар — фендер, брашингтер, қайшылар және ORIFLAME компаниясы бөлген түрлі косметикалық құралдар. Маникюр үйретуге арналған үстел және барлық қажетті жабдықтар бар. Ең бастысы — балалар үйінің тәрбиеленушілерімен аптасына бірнеше рет сабақ өткізетін оқытушылар бар.

«Біздің балаларымызды кәсіби бағдармен дамытумен үнемі айналысып келеміз. Бізде сурет және бейне ісі шеберханасы жұмыс істеп жатыр. Балалар бейнебаян түсіреді, оны монтаждауды, роликтер жасауды үйренеді, олар суретке түсіреді және суреттерді компьютерлік өңдеу негіздерін біледі. Өткен жылы AYALA қорының көмегімен бізде аспаздық шеберлікті үйрететін бөлме ашылды. Біздің тәрбиеленушілеріміз оны өте жақсы көреді: олар күн сайын тамақ дайындайды және ас пісіреді. Әрине, біз балалар үйінде шаштараз шеберханасын ашуды ұзақ уақыт армандадық, — деп атап өтті Қарағанды облысының ДМШ балаларға арналған балалар үйінің директоры Данекер Сәулебайқызы Сейсекина. — Шеберханаларда кәсіби бағдарлау сабақтарын біздің штаттық педагогтар да, еріктілік негізде шақырылған мамандар да өткізеді. Шаштараз шеберханасында балалармен штаттық қызметкер жұмыс істейді, оларды қырқу негіздеріне үйретеді, қолын жаттықтырады, аспаптарды дұрыс меңгеруге үйретеді. Біз сондай-ақ маникюр негіздерін үйрету үшін еріктілерді шақырғымыз келеді. Кәсіби бағдарлау өте маңызды және қажет, өйткені ол балаларға ересек өмірде дербес болуы және өз орнын табуы үшін практикалық өмірлік дағдылар береді. Осы мүмкіндік үшін AYALA ҚҚ мен ORIFLAME  компаниясына үлкен рахмет.

Бұл шеберхананы жабдықтауға арналған жалпы бюджет 4 194 210 теңгені құрады. Шеберханада барлық қажетті кәсіптік керек-жарақтар мен өте ыңғайлы заманауи жиһаз бар. Ал «сұлулық салонына» кіреберіс алдында балалар клиенттерді қырқуды ғана емес, оларды дұрыс қызмет көрсетуге қабылдауды үйренуі үшін ресепшн аймағы бар, бұл болашақта нағыз сұлулық салондарында өзін әкімші ретінде сынауға көмектеседі.

«Қайырымдылық — биыл 55 жасқа толатын ORIFLAME компаниясының ажырамас бөлігі. ORIFLAME Foundation қоры арқылы компания қайырымдылық бастамаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибесі бар, сонымен қатар біздің мақсатымыз бен құндылықтарымызды бөлісетін бүкіл әлем бойынша үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдарымен ынтымақтасады. ORIFLAME қайырымдылық жобаларының басты мақсаты — балаларға болашақ тұрмыстың іргетасы болып табылатын білімге қолжетімділікті жақсартуға көмектесу. Көптеген жылдар бойы компания балаларға өз армандарын шындыққа айналдыруға көмектесуге тырысады. Біз қарағандылық Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің енді тек армандарын ғана емес, кәсіби саладағы дарындарын да іске асыруға мүмкіндіктері болатынына қуаныштымыз», — деп атап өтті ORIFLAME Қазақстан компаниясының бас директоры Айжан Мұстапаева.

Бұл AYALA қайырымдылық қоры ORIFLAME компаниясының демеушілік қолдауымен жабдықтаған үшінші кәсіби бағдарлау шеберханасы. 2010 жылдан бері «Кәсіби бағдарлау» жобасымен еліміздің 25 білім беру мекемесі қамтылған. Оның мақсаты — балалар үйлері мен мектеп-интернаттардағы балалардың әлеуметтік бейімделуіне көмектесу.

«Жобаны іске асырудың 12 жылы ішінде 1000-нан астам жасөспірім қор ұйымдастырған кәсіби бағдарлау курстары арқылы өтті. 2021 жылдың маусым айында қор ҚР Білім және ғылым министрлігімен «Кәсіби бағдарлау» жобасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Біз біздің жобамыздың ORIFLAME басшылығынан қолдау тауып отырғанына қуаныштымыз және көп жылдық ынтымақтастығы мен жобамызға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз», — деп атап өтті AYALA қорының президенті Айдан Сүлейменова.

«Кәсіби бағдарлау» жобасы аясында AYALA қайырымдылық қоры 17 курс ұйымдастырып, 25 арнайы шеберхана ашып, ерікті ұстаз ретінде ондаған керемет және бей-жай емес мамандар тартты. 5 жасөспірім шаштараз шеберлігіне үйретілді, олардың бірі Алматыдағы барбер-салонда жұмыс істейді. 100-ден астам бала тігін шеберлігіне оқытылды. Осыншама бала еуропалық тағамдарды үй жағдайында дайындау курстарында да болды, содан кейін бейінді колледждерге түсу туралы шешім қабылдады. Қор Жәутіков атындағы РФММ-нің 30-дан астам студентін ерікті-репетитор ретінде тартты. Олар бірнеше жылдан бері алматылық 3 мектеп-интернаттың ондаған жоғары сынып оқушыларын математика, физика және химия пәндерінен оқуға түсу тестілерін тапсыруға дайындауда.

Биыл қор Қазақстанның балалар үйлері мен мектеп-интернаттарында тағы 5 шеберхананы жабдықтау үшін демеушілер іздеуді жалғастырады.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

НҰР-СҰЛТАН

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
Төлемдерге жазылудан бас тарту
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс