KZ RU
КӨМЕКТЕСКІМ КЕЛЕДІ

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖИЫНТЫҒЫ АЛЫНДЫ

08.07.2021

Осындай көмекті «Ел тірегі — Елбасы» акциясы аясында AYALA қайырымдылық қоры ұсынды.

 Акция «Халық» ҚҚ бастамасымен Қазақстанның барлық облыстарында 2021 жылы кезең-кезеңмен өткізіледі. Шілде айында еліміз бойынша ол аз қамтылған және көп балалы отбасыларды, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қамтиды. Жалпы, осындай отбасыларға 500 млн теңгеге 1 млн килограмнан астам өнім таратылады.

 AYALA қайырымдылық қорының Қарағанды облысына көмегі биылғы жылы игі дәстүрге айналды. Наурыз айында қор Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Приозерск, Сәтбаев, Саран, Теміртау, Шахтинск, Абай, Ақтоғай, Бұхаржырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осақовалар сияқты облыстың 17 қаласы мен кентінен 1000 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Шілде айында AYALA-дан азық-түлік жиынтығын облыстың күрделі материалдық жағдайға тап болған 1250 отбасы алады. Салмағы 50 килограмм әрбір жиынтыққа күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, тоқаш, қант, шай және кәмпиттер кіреді. Облыс тұрғындары қор ұсынған азық-түлік көмегіне ризашылықтарын білдірді.

«Өмірлік қиын жағдайға тап болғанда қолдау алу, ниеттестік, ықылас өте маңызды. Біздің қор үшін қарағандылықтар биыл ерекше жақын болды. Біз оларға азық-түлік жиынтықтарымен ғана көмектеспейміз. Маусым айында біздің қор Облыстық ауруханада заманауи реанимация қондырғысын орнатып, ол жаңа туған 4 нәрестенің өміріне сақтап қалды. Біз Теміртау қаласындағы № 5 арнайы мектеп-интернатта және Қарағанды қаласындағы № 3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды түзету мақсатында 2 TOMATIS аппаратын орнатуға көмектестік. Биылғы жылдың соңына дейін біз тағы да көптеген игі істерді жоспарладық. Олар Қарағанды облысының мыңдаған тұрғындарын біздің қордың қамқорлығымен қамтуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.

Қарағанды облысы бойынша «Ел тірегі — Елбасы» акциясы аясында азық-түлік жиынтықтарын жеткізу 2021 жылдың 30 шілдесіне дейін жалғасады.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

НҰР-СҰЛТАН

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
Төлемдерге жазылудан бас тарту
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс