KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА 135 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ ЖҰМСАЛДЫ

15.12.2021

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысының 11 қаласы мен кентінің және 7 аудан орталығының күнкөрісі төмен 1000 отбасы «Ел тірегі — Елбасы» акциясы аясында AYALA қайырымдылық қорынан азық-түлік жиынтығын алды.

Әр жиынтықта күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, тоқаш, қант, шай және кәмпит бар. Бұл қор «Халық» ҚҚ бастамасын қолдау мақсатында осы жылы өткізген азық-түлік өнімдерінің үшінші таратылымы.

Біздің қорымыз қамтыған отбасылардың барлығы атаулы әлеуметтік көмек алады, көбісі мүгедек балаларды тәрбиелеп отыр. 50 киллограмдық жиынтық Қарағанды қаласының Қазбек би ауданында тұратын 202 отбасыға, Бөкейхан ауданында тұратын 384 отбасыға жеткізілді. Балқашта — 11 отбасы, Жезқазғанда — 161, Приозерскіде — 14, Сәтбаевта — 80, Саранда — 13, Теміртауда — 61, Шахтинскіде — 17, Абайда — 25, Ақтоғайда — 11, Қаражалда — 10 отбасы жиынтық алды. Тағы 457 азық-түлік жиынтығын Ұлытау, Осакаров, Бұқар жырау, Шет, Нұра, Қарқаралы және Жаңаарқа аудандарының мұқтаж отбасылары алды.

Ал биылғы жылы біздің қор Қарағанды облысында жеті қайырымдылық жобасын жүзеге асыруға 135 млн теңгеден астам қаражат жұмсады! Олар күнкөрісі төмен отбасылар, екі балалар үйі, № 3 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, Теміртау қаласындағы № 5 арнайы мектеп-интернат, Облыстық аурухана және Теміртау қаласының Ана мен бала орталығы, оның реанимация бөліміне 2022 жылдың басында шала туған сәбилердің өкпесін инвазивті емес желдету функциясы бар ӨЖЖ аппараты және 3 фототерапия шамы орнатылады.

 «Біз 2021 жылды осындай тамаша нәтижелермен аяқтағанымызға қуаныштымыз. Біздің қордың барлық серіктестері мен демеушілерінің көмегі Қарағанды облысының тұрғындарына болашаққа бұдан да сенімді қарауына көмектеседі деп үміттенеміз. Баршаңызға мықты денсаулық, істеріңізге сәттілік, игілік пен бейбітшілік тілейміз», — деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.

 

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс