KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

ҚАРАҒАНДЫ БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ ҮШІН КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ

26.11.2021

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйінде аспаздық шеберлік сыныптары мен үй тұрмысын жалпы жүргізу сабақтарын өткізуге арналған бөлме пайда болды. Оның қандай ыңғайлы әрі жайлы болғанын қараңызшы!

Онда асүй гарнитурасы, қабырға, орындық және түскі ас үстелі, тоңазытқыш, кіріктірілген тұрмыстық техника жиынтығы — тұмшапеш, ас пісіру беті, микротолқынды пеш, сорынды, ыдыс жуатын машина бар.

Балалар мультипісіргіште, электрлік грильдің көмегімен ас дайындауды, сэндвич пісіргіш пен құймақ пісіргіште таңғы ас дайындауды, вафель қалыбында десерт пісіруді үйренеді.

Анағұрлым күрделі тағамдарды дайындау үшін мәнті пісіргіш, табалар, кастрюлдер, пышақтар жиынтығы, асүй аспаптары бар. Балалар дайындалған тағамдарды әдемі беруді, тіпті мерекелік дастарханға ыдыстар орналастыруды үйренеді. Бұл үшін арнайы үш асхана сервизі мен асхана аспаптарының үш жиынтығы, алжапқыштар мен түрлі асүй аксессуарлары сатып алынды.

«Бүгін біз AYALA қоры мен Cummins Қазақстан компаниясы балалар үшін қандай пайдалы сыйлық бергенін көрсету үшін қонақтарды шақырдық. Біздің тәрбиеленушілер қарапайым тағамдарды дайындай алды. Енді бізде олар өздерінің күнделікті өміріне анағұрлым күрделі тағамдар дайындауды үйренуі үшін барлық қажетті нәрселер бар. Бұл шеберханада балалармен педагогтар айналысады, біз еріктілерді шеберлік сабақтарына шақырамыз. Бұл өмірге қажетті дағдыларды игеруге көмектеседі және қоғамдық тамақтану индустриясында олардың болашақ мамандығына алғашқы қадам болуы мүмкін», — деп атап өтті Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйінің директоры Дәнекер Сәулебайқызы Сейсекина.

 Бұл бөлменің жалпы бюджеті 4 316 458 теңгені құрады. Біз оның шеңберінде Қарағандыда 2 балалар үйіне шеберхана мен ӘТБ бөлмесін жарақтандырған «Кәсіби бағдарлау» жобасына қолдау көрсеткені үшін Cummins Қазақстанға алғысымызды білдіреміз.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс