Терапевттік гипотермияға арналған кешенді – TecoTerm Neo және электроэнцефалография аппараттарын — бүгін «АЯЛА» қайырымдылық қоры Атыраудағы Облыстық перинаталдық орталыққа табыстады.
Атырауда жабдық 23,6 млн теңге сомаға жеке тұлғалардың қайырымдылық жарналарына және қазақстандықтардың «Касса24» терминалдары арқылы 2019 жылы жасаған аударым ақшасына сатып алынды.
Қор бұл медициналық жабдық өңірде гипоксияның ауыр түрлерімен байланысты сәбилер өлімін төмендетуге көмектесетініне сенімді.
Сәбилер өлімінің құрылымында жаңа туған балалар саны 60%-дан асады, және олардың өлімінің басты себептерінің бірі орталық жүйке жүйесінің зақымдануы болып табылады, оның 70% — бұл орын алған гипоксияның салдары. Бас миының гипоксиялық-ишемиялық бүлінуі нәрестелердің өткір перинаталдық асфиксиясының салдарынан туындайды және неонаталдық кезеңнің патологиялық жағдайларының 47%-да диагностикаланады. Туған кезде ол бас миы жасушаларының өлуіне алып келетін сан түрлі патофизиологиялық процестерді іске қосады.
Жабдық «АЯЛА» қоры 2017 жылдан бері іске асырып келе жатқан «Басқарылатын гипотермия» республикалық жобасының шеңберінде жеткізілді. Осы уақыт ішінде қор ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен терапевттік гипотермия жабдығының Қазақстанда алғаш рет тіркелуіне көмектесті, дәрігерлер мен медбикелер үшін терапевттік гипотермия бойынша Медициналық ұсынымдар шығарды, бірыңғай Гипотермия жөніндегі хаттаманы құруға септігін тигізді, қазақстандық, соның ішінде Атыраулық және облыстық дәрігерлер мен медбикелерді нәрестенің гипотермиялық нейропротекциясының жаңа әдістеріне оқытты және жыл сайын оқытуды жалғастырып келеді. Қордың белсенді жұмысының арқасында Сәбилер өлімін төмендету жөніндегі іс-шаралардың республикалық жоспарына әр облыстағы перинаталдық орталықтар үшін 2019-2021 жылдары гипотермия жабдығын сатып алу міндеті енгізілді. Демеушілердің қолдауымен қор Қазақстанның 5 қаласында жалпы 86 млн теңгеден асатын сомаға TecoTerm Neo аппаратының 6 данасын орнатты. Бұл жабдық Қазақстанның ірі перинаталдық орталықтарының күн сайынғы практикасында өзінің тиімділігін дәлелдеді.