KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

АНА МЕН БАЛА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ФЕТАЛДЫҚ ОТА

24.07.2024

Астанада AYALA қайырымдылық қорының қолдауымен Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында (АБҰҒО) Беларусь Республикасының феталдық хирургі Максим Владимирович Белуганың («Ана мен бала» РҒПО, Минск қаласы) қатысуымен шеберлік сыныбы шеңберінде осы орталық үшін алғашқы феталдық ота жасалды. Біздің қор Максим Владимировичтің Қазақстанға келуін ұйымдастырды.

Жүктіліктің 19 аптасында әйелде ұрықтың даму кемістігі анықталды. Пренаталдық консилиум ұрықтың қуығын құрсақта құрғату туралы шешім қабылдады. Бұл араласуды өкпе гипоплазиясының алдын алу және болашақ балада бүйректің қалыпты функциясын сақтау үшін жасау қажет болды.

Ота сәтті жасалды. Науқастың жағдайы тұрақты, ұрықтың дамуына динамикалық қадағалау мен бақылау жүргізіледі.

Феталдық хирургия — бұл қазақстандық медицина үшін жаңа бағыт. Оған балалардың туылғаннан бастап мүгедектігін төмендету үшін ота жасау және құрсаққа инвазиялық араласу кіреді.

Қазақстанда алғаш рет құрсақ ішінде ота жасау осы жылдың маусым айында Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында жүргізілген болатын. Енді мұндай жедел араласу Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында да жүзеге асырылады. Болашақта мұнда диафрагмалық жарықты, ТТС синдромын, сегізкөз-құйымшақ тератомасын және басқа да даму кемістіктерін түзету бойынша оталар жасау жоспарлануда.

Біздің қор 2023 жылдан бері Денсаулық сақтау министрлігіне Қазақстанда феталдық хирургияны дамытуға көмектесіп келеді. Біз шетелде 9 дәрігердің оқуына ақы төледік, феталдық хирургия бойынша жетекші халықаралық мамандардың қатысуымен 5 шеберлік сыныптары мен семинарлар ұйымдастырдық. Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығындағы феталдық хирургия бөлімшесі қажетті медициналық құралдармен жабдықталды.

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс