KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

Алматыдағы ПжБК орталығы реанимациялық жабдықтарды алды

29.04.2021

AYALA қайырымдылық қоры Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына қазіргі заманғы реанимациялық жабдықтардың 18 бірлігін, оның ішінде дене салмағы өте төмен нәрестелердің қарқынды терапиясына арналған 2 инкубаторды, 5 реанимациялық үстелді, 6 фототерапия шамын және 5 жоғары дәлдікті медициналық таразы берді.

 Жоба Halyk Bank-тің демеушілік қолдауының арқасында жүзеге асырылды.

 «Бұл өте маңызды қайырымдылық жоба, себебі әңгіме біздің еліміздің болашақ ұрпағы — сәбилердің, жаңа туған қазақстандықтардың денсаулығы туралы болып отыр, — деп атап өтті Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев. — Сондықтан Банк түрлі әлеуметтік маңызды жобалар бойынша біздің бұрыннан келе жатқан серіктесіміз болып табылатын AYALA қорының бастамасын қолдады. Осы жабдықтар мен жан-жақты қолдаудың арқасында Орталық мамандары балаларға уақытылы білікті көмек көрсетіп, дүниеге жаңа келген сәбилерге өмірлік жолдама беретініне сенгім келеді».

Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы — еліміздегі ең ірі перзентхана. Жыл сайын мұнда 8-8,5 мың әйел босанады, оның 12%-ы мерзімінен бұрын босанатындар.

«Біздің орталық 2011 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істей бастады. Бірақ 10 жыл ішінде медициналық жабдықтар моральдық жағынан ескірген, сондықтан үнемі қымбат жөндеуді талап етіп, жиі істен шығады. Бізде орнатылған көптеген модельдер өндірістен алынып тасталды, бұл жиынтықтарды сатып алуды қиындатады. Әсіресе, құрал-жабдықтардың тапшылығы неонаталдық қызмет бөлімшелерінде өте өзекті. Енді Halyk Bank пен AYALA қорының қолдауының арқасында неонатология бөлімшесінің барлық қажеттіліктері қанағаттандырылды. Дәрігерлердің, ірі бизнес пен қордың біріккен қамқорлығы жаңа туған нәрестелердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі», — деп атап өтті Алматы қаласы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы директорының орынбасары Светлана Александровна Лисогор.  

 Берілген жабдықтың жалпы құны 27 003 750 теңгені құрады.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс