KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

АКАДЕМИК МАРК АРКАДИЕВИЧ КУРЦЕР АСТАНАДА ДӘРІС ӨТТІ

15.10.2024

AYALA қайырымдылық қоры Қазақстанның неонатолог дәрігерлері мен акушер-гинекологтарының біліктілігін арттыру жобасын жалғастыруда. Осы аптада біз Астана қаласындағы № 2 қалалық көпбейінді ауруханада РҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Марк Аркадьевич Курцердің дәрісін ұйымдастыруға көмектестік. Оған 100-ден астам елордалық дәрігер қатысты. Марк Аркадьевич тыңдаушылармен кесар тілігінен кейін жатыр тыртығына плацента тиген кездегі хирургиялық тактиканың үздік тәжірибелерімен бөлісті. Марк Аркадьевич Курцер жаңашыл және зерттеуші ретінде танымал. Ол плацентасы бірігіп кеткен пациенттерді босандыру кезінде, акушерлік қан кетулер, жатыр миомасын, акушерлік перитониттер кезінде эндоваскулярлық технологияларды пайдалана отырып, ағзаны сақтайтын қан үнемдеу әдістерін әзірледі. Академиктің дәрісі қазақстандық дәрігерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіруге бағытталған «AYALA академиясы» жобасы аясында өткізілді.

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс