KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

AIR ASTANA AYALA ҚОРЫН ESG-ГЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТТАДЫ

13.12.2024

Air Astana ESG Awards марапаттау рәсімін өткізді. Онда компаниялардың тұрақты даму саласындағы бастамаларын іске асыруға көмектесетін серіктестері атап өтілді. Марапатталған серіктестердің арасында — халықаралық және қазақстандық компаниялар.
AYALA қайырымдылық қоры қайырымдылық саласындағы көп жылғы жемісті ынтымақтастығы үшін Air Astana-дан ESG Award алды.

ESG Awards марапаты алғаш рет компанияның әріптестеріне компанияның ESG қағидаттарын (экология, әлеуметтік жауапкершілік, корпоративтік басқару) іске асыруға қосқан үлесі үшін беріледі. Іс-шара әріптестердің борттық қызмет көрсету, еңбекті қорғау, қызметкерлерлерді оқыту және дамыту, экология, ұшу қауіпсіздігі, қайырымдылық және т.б. салалардағы қадірін арту, сондай-ақ компанияның ESG-бастамалары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.

Серіктестер ынтымақтастықтың ұзақмерзімділігі мен сенімділігін, компанияның корпоративтік мақсаттарын қолдауды, икемділік пен бастамашылықты, сондай-ақ ESG-қағидаттарын ұстануды қоса алғанда, бірқатар негізгі өлшемшарт бойынша бағаланды.

Air Astana компаниясының тұрақты даму мәселелері жөніндегі департаментінің директоры Юлия Лим: «Біз ESG құндылықтарын ортақтасатын және оларды жүзеге асыруға көмектесетін серіктестерімізді шын жүректен мақтан тұтамыз. Бұл ESG Awards тағайындауға негіз болды — тек марапаттар ғана емес, ESG қағидаттарын ілгерілетуге және орнықты болашақ қалыптастыруға қосқан үлесіміз үшін біздің ризашылығымыздың нышаны».

Марапатталған серіктестердің арасында — халықаралық және қазақстандық компаниялар — EY Kazakshtan (климаттық тәуекелдер саласында кеңес беру), SITA (жолаушыларға қызмет көрсету саласында инновациялық өнімдерді дамыту), «Вита Пром» (қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату және қоршаған ортаны қорғау), «Карина Трейдинг» (макулатураны қайта өңдеу және қоршаған ортаны қорғауға үлес), McNair Flight Safety Consulting Inc (жоғары сапалы профилактикалық тексерулер жүргізу арқылы авиациядағы қауіпсіздікті жақсартуға үлес), JETEX (ұзақ мерзімді ынтымақтастық және жолаушыларға жер үсті қызмет көрсетудегі сенімділік), Өнеркәсіптік қауіпсіздікті сараптау және аттестаттау орталығы (еңбекті қорғауды және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін үлес), Almaty Catering Services (борттағы қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына үлес), COCOBEE дүкендер желісі (серіктестік және балалардың жол жинақтарын әзірлеудегі клиентке бағдарлану), Print Market (ынтымақтастықта проактивті және сапалы тәсіл), IBCU (компания қызметкерлерін оқытуға және дамытуға үлес), «Семей Орманы», «Павелдің шеберханасы» (ресурстарды жауапты тұтынуға және қайталама пайдалануға үлес), «Курсив Медиа» (Қазақстандағы ESG зерттеулерін әзірлеуге қосқан үлесі), Baribar Media (ESG-бастамашылықты белсенді жария ету) және т.б.

2023 жылы Air Astana 2023-2032 жылдарға арналған ESG-стратегиясын қабылдады, онда сапалы білім беру, гендерлік теңдік, лайықты еңбек және экономикалық даму, теңсіздікті азайту, климаттың өзгеруімен күрес, орнықты даму мүддесіндегі әріптестік салаларындағы басым мақсаттарды белгіледі.

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс