KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

АБҰМО ШАЛА ТУҒАН БАЛАЛАРДЫҢ РЕТИНОПАТИЯСЫН ЕМДЕУ ҮШІН ЛАЗЕР АЛДЫ

25.08.2023

Gasenergy АЖҚС желісін қолдауының арқасында Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында заманауи лазерлік аппарат пайда болды. Ол орталықтың офтальмолог дәрігерлеріне ретинопатиясы бар шала туған балалардың көру қабілетін сақтап қалуға көмектеседі.

Дәрігерлердің мәліметінше, Қазақстанда мерзімінен бұрын туған нәрестелердің 40%-ға жуығы ретинопатиямен — көз ауруымен ауырады, бұл шала туған нәрестелерде көру қабілетінің біржола жоғалуына әкеп соғады. Оларды толық соқырлықтан құтқару үшін мүмкіндігінше ертерек күрделі диагностиканы және одан кейін көздің торына кемінде күрделі лазерхирургиялық ота жасау қажет.

«Біз елімізде жаңа туған нәрестелерді толық соқырлықтан құтқаратын «Шала туған нәрестелердің ретинопатиясы» жобасын жүзеге асыруда AYALA қайырымдылық қорына көмектесуге қуаныштымыз. Бұл қормен біздің компания көп жылдан бері жемісті жұмыс істеп келеді. Біздің желідегі барлық АЖҚС-де бокстар бар және клиенттерімізді қайырымдылыққа тарту үшін AYALA QR-кодтары бар тақтайшалар орналастырылған. 2019 жылдан бастап әр демалыс күндері «1 литр = 1 теңге» қайырымдылық акциясы өткізіледі, 2020 жылдан бастап біз әр хот-догтан, гамбургерден және кофенің бірнеше түрінен 10 теңгеден ақша жібереміз – бұл қаражаттың барлығы осы қордың жобаларына жұмсалады. Қазақстандық АЖҚС желісі ретінде біз балалардың денсаулық сақтау саласын қолдауға мүдделіміз, өйткені бұл еліміздің болашақ ұрпақтарының денсаулығын қалыптастыруға және нығайтуға көмектеседі», — деп атап өтті «Автогаз Трэйд» ЖШС операциялық директоры Омар Артурович Мустафин.

 Gasenergy қайырымдылық көмегімен түскен 47 миллион теңгеден астам қаражат AYALA қорына гипотермия аппаратын сатып алуға және Алматыдағы Республикалық акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығына, екі лазерлік қондырғыны — Астанадағы АБҰҒО-на және Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының Перинаталдық блогына, сондай-ақ ретинальды камераны Қостанай қаласындағы Облыстық перинаталдық орталыққа беруге көмектесті.

«Біз Gasenergy компаниясының басшылығына көпжылдық серіктестік пен біздің қорға деген сенім үшін зор ризашылығымызды білдіреміз. Біз сіздердің қолдауларыңыздың арқасында жеткізген құрал-жабдықтар алдағы 5 жылда Қазақстанда жаңа туған мыңдаған баланы мүгедектіктен құтқаруға көмектеседі. Бұл ұлт денсаулығын сақтауда маңызды және өте құнды көмек», — деп атап өтті AYALA ҚҚ негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.

«Шала туған балалардың ретинопатиясы» жобасы 2021 жылдың қазан айында басталып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес AYALA ҚҚ жүзеге асыруда. Аталған меморандум аясында қор ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде шала туған нәрестелер ретинопатиясының күрт дамыған түрін емдеуге арналған ангиогенез ингибиторларын интравитреалды енгізу бойынша клиникалық хаттаманы бекітуге ықпал етті.

Жобаны жүзеге асырудың 1,5 жылы ішінде AYALA қоры Қазақстанның мемлекеттік Ғылыми және Перинаталдық орталықтарына диагностикалық және хирургиялық медициналық құрал-жабдықтарды, соның ішінде 5 лазерлік қондырғыны, 4 ретиналды камераны, 14 офтальмоскопты, сондай-ақ 84 «Луцентис» дәрі-дәрмегін сатып алуға және беруге 248 миллион теңгеден астам қаражат жұмсады. Осы көмектің арқасында 2000-нан астам нәресте қор берген құрал-жабдықтарда көз тексеруінен өтті.

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс