KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

Дәрігерлер денсаулығын қорғауға үшін BAYER-ден 1162 ЖҚҚ

26.06.2020

Біздің қор ауруханалар мен дәрігерлердің COVID-19 вирусымен күресуіне көмек көрсетуін жалғастыруда!

Осы аптада Алматының Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы филиалының дәрігерлері жеке қорғаныс құралдарының (ЖҚҚ) толық 1 162 жиынтығын алды. Олар Қазақстандағы «Байер» компаниясының демеушілік көмегімен сатып алынды.

ЖҚҚ-ның әрбір жиынтығы обаға қарсы костюм, бахил, қолғаптар, респиратор мен көзілдіріктен тұрады. Ол бір рет пайдалануға арналған және короновирус жұқтырған науқаспен байланыста болған кезде дәрігерлер мен медицина персоналын ең жоғары қорғаныспен қамтамасыз етеді.

Қазір, Алматыда COVID-19 жұқтыру жағдайлары қайта ұлғайған кезде «Байер» компаниясының көмегі өте қажет. И. С. Жекенова атындағы ҚКЖА филиалының штатында 75 дәрігер, 100 мейірбике, сондай-ақ кіші медицина персоналы еңбек етеді. Олар ковидке қарсы терапиядан өтіп жатқан жүздеген емделушілермен күн сайын байланыста болады. ЖҚҚ-мен қамтамасыз ету олардың өздерінің барынша қорғалғанын сезінуіне және емделушілерге алаңсыз әрі сенімді көмек көрсетуіне мүмкіндік береді.

«Біз медицина қызметкерлерінің ауыр еңбегіне өз тарапымыздан қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тырысамыз. ЖҚҚ беру — біз үшін оларға өз ризашылығымызды білдірудің және қамқорлық көрсетудің тәсілі», — дейді «Байер КАЗ» ЖШС бас директоры Роб Фермелен.

Алматыдағы И.С. Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының (ҚКЖА) филиалы – елдің ірі мегаполисінің коронавирустық инфекцияны емдеуге маманданған басты орталықтарының бірі. Ол биыл көктемде Алматыда тұрғызылған жаңа модульдік корпуста орналасқан және 280 төсекке есептелген.

«АЯЛА» қоры COVID-19 вирусымен күресте дәрігерлерге көмек көрсету үшін белсенді жұмыс жүргізуде. Үш ай ішінде медициналық жобаларға ірі демеушілер тарапынан және Айдан Сүлейменованың жеке үлесінің арқасында 122,5 млн теңге жиналды. Нұр-Сұлтан мен Алматының 4 ауруханасындағы 420-ден астам дәрігерлер қорғаныс құралдары, жаңа жабдықтар және тамақ өнімдері түрінде көмек алды.

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс