KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

Құпиялылық және дербес деректерді өңдеу саясаты

Осы құпиялылық және дербес деректерді өңдеу саясаты www.ayala.kz сайтының (бұдан әрі – Оператор) дербес және өзге де деректерін өңдеу және пайдалану тәртібін реттейді. Осы Құпиялылық саясатының қолданыстағы редакциясы танысу үшін үнемі қолжетімді және Интернет желісінде мына мекенжай бойынша орналастырылған: www.ayala.kz

Дербес және өзге де деректерді Операторға Сайт арқылы бере отырып, Пайдаланушы көрсетілген деректерді осы Құпиялылық саясатында жазылған шарттарда пайдалануға өзінің келісімін растайды.

 

Егер Пайдаланушы осы Құпиялылық саясатының шарттарымен келіспесе, ол Сайтты пайдалануды тоқтатуға міндетті.

 

Осы Құпиялылық саясатының сөзсіз акцепті Пайдаланушының Сайтты пайдалануды бастауы болып табылады.

 

  1. ТЕРМИНДЕР

1.1. Сайт — Интернет желісінде www.ayala.kz мекенжайында орналасқан сайт

Сайтқа және оның жекелеген элементтеріне (бағдарламалық қамтамасыз етуді, дизайнды қоса алғанда) барлық айрықша құқықтар толық көлемде Операторға тиесілі. Пайдаланушыға айрықша құқықтарды беру осы Құпиялылық саясатының мәні болып табылмайды.

1.2. Пайдаланушы – Сайтты пайдаланатын тұлға.

1.3. Заңнама – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы.

1.4. Дербес деректер – Пайдаланушы тiркеу кезiнде немесе Сайт функционалын пайдалану процесiнде өз бетінше ұсынатын дербес деректер.

1.5. Деректер – Пайдаланушы туралы өзге де деректер (Дербес деректер ұғымына кірмейтін).

1.6. Тiркеу – Пайдаланушының Сайтта орналасқан Тiркеу нысанын қажеттi мәлiметтердi көрсету және сканерленген құжаттарды жөнелту жолымен толтыруы.

1.7. Тіркеу нысаны – Сайтта орналасқан нысан, оны Пайдаланушы сайтты толық көлемде пайдалану мүмкіндігі үшін толтыруы тиіс.

1.8. Қызмет(тер) – келiсiм негiзiнде Оператор ұсынатын қызметтер.

 

  1. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ

2.1. Оператор Қызметтерді көрсету және Пайдаланушымен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті Дербес деректерді ғана жинайды және сақтайды.

2.2. Дербес деректер мынадай мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін:

2.2.1 Пайдаланушыға Қызмет көрсету;

2.2.2 Пайдаланушыны сәйкестендіру;

2.2.3 Пайдаланушымен өзара іс-қимыл жасау;

2.2.4 Пайдаланушыға жарнамалық материалдарды, ақпаратты және сұрауларды жіберу;

2.2.5 статистикалық және өзге де зерттеулер жүргізу;

2.3. Оператор оның ішінде мынадай деректерді өңдейді:

2.3.1 тегі, аты және әкесінің аты;

2.3.2 электрондық пошта мекенжайы;

2.3.3 телефон нөмірі (оның ішінде ұялы телефон).

2.4. Пайдаланушыға Сайтта үшінші тұлғалардың дербес деректерін көрсетуге тыйым салынады (мұндай іс-әрекеттерді жүзеге асыруға үшінші тұлғалардың құжаттамалық растауы болып, осы тұлғалардың мүдделерін білдіру шарттарын қоспағанда).

 

  1. ДЕРБЕС ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ ТӘРТІБІ

3.1. Оператор Дербес деректерді Қазақстан Республикасының «Дербес деректер туралы» Заңына және Оператордың ішкі құжаттарына сәйкес пайдалануға міндеттенеді.

3.2. Дербес деректерге және Пайдаланушының өзге де Деректеріне қатысты, көрсетілген деректер жалпыға қолжетімді болып табылатын жағдайларды қоспағанда, олардың құпиялылығы сақталады.

3.3. Оператордың Дербес деректердің мұрағаттық көшірмесін сақтауға құқығы бар.

Оператордың Дербес деректер мен Деректерді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жердегі серверлерде сақтауға құқығы бар.

3.4. Оператордың Дербес деректерді және Пайдаланушының Деректерін Пайдаланушының келісімінсіз мынадай тұлғаларға беруге құқығы бар:

3.4.1 мемлекеттік органдарға, оның ішінде анықтау және тергеу органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына олардың дәлелді сұрау салуы бойынша;

3.4.2 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген өзге жағдайларда.

3.5. Оператордың Дербес деректер мен Деректерді Осы құпиялылық саясатының 3.4-тармағында көрсетілмеген үшінші тұлғаларға мынадай жағдайларда беруге құқығы бар:

3.5.1 Пайдаланушы мұндай әрекеттерге өзінің келісімін білдірген;

3.5.2 Пайдаланушының Сайтты пайдалануы немесе Қызмет көрсету шеңберінде Пайдаланушыға беру қажет;

3.6. Оператор Дербес деректер мен Деректерді автоматтандырылған өңдеуді жүзеге асырады.

 

  1. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ

4.1. Оператор Заңнамаға сәйкес Дербес және өзге де деректерді тиісінше қорғауды жүзеге асырады және Дербес деректерді қорғау үшін қажетті және жеткілікті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.

4.2. Қолданылатын қорғау шаралары Дербес деректерді заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жойылуынан, өзгеруінен, бұғатталуынан, көшірілуінен, таратылуынан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың олармен өзге де заңсыз әрекеттер жасауынан қорғауға мүмкіндік береді.

 

  1. ӨЗГЕ ДЕ ЕРЕЖЕЛЕР

5.1. Осы Құпиялылық саясатына және Құпиялылық саясатын қолдануға байланысты туындайтын Пайдаланушы мен Оператор арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасының құқығы қолданылуы тиіс.

5.2. Осы Келісімнен туындайтын барлық ықтимал даулар Оператордың тіркелген жері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешілуге тиіс.

Пайдаланушы сотқа жүгінер алдында сотқа дейінгі міндетті тәртіпті сақтауға және Операторға жазбаша түрде тиісті наразылық жіберуге тиіс. Наразылыққа жауап беру мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.

5.3. Егер қандай да бір себептермен Құпиялылық саясатының бір немесе бірнеше ережелері жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп танылса, бұл Құпиялылық саясатының қалған ережелерінің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.

5.4. Оператордың кез келген сәтте Құпиялылық саясатын (толық немесе ішінара) Пайдаланушымен алдын ала келіспей біржақты тәртіппен өзгертуге құқығы бар. Барлық өзгерістер Сайтта орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.

5.5. Пайдаланушы өзектi редакциямен танысу жолымен Құпиялылық саясатының өзгерiстерiн дербес қадағалауға мiндеттенедi.

5.6. Осы Құпиялылық саясаты бойынша барлық ұсыныстар немесе сұрақтар info@ayala.kz электрондық поштасы немесе +77028083323, 87273276043 телефондары арқылы хабарлануы тиіс.

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс