KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

CodingLab жеңімпаздарының жобалары

19.07.2021

«Бағдарламалау» санатында 1-орынды Дамир Аманқұлов пен Гурбан Джафаров иеленді. Олар бірігіп Bioderma косметика дүкеніне арналған мобильді қосымша әзірледі.

Бұл жұмыс оның нақты өмірде іс жүзінде қолдануға болатындығымен ерекшеленеді. Балалар «H&B Luxe» ЖШС — Қазақстанда француз дәріханалық брендтерін ұсынатын дистрибьюторлық компания, соның ішінде Bioderma үшін өздерінің мобильді қосымшасын жасады.

Қосымша смартфон арқылы Bioderma өнімдерін сатып алуға мүмкіндік береді. Ол қысқаша және түсінікті интерфейспен ерекшеленеді, онда тек қана іздеу мүмкіндігі бар тауарлардың тізімі, себет және пайдаланушының бейіні бар.

Нәтижесінде тамаша өнім пайда болды, оны қазірдің өзінде пайдалануға болады. Бұл мобильді қосымшаларды бағдарламалаумен айналыса бастағанына небәрі 1 жыл болған жігіттер үшін өте жақсы нәтиже!

Дамир мен Гурбан өз таныстыруларында атап өткендей, «тәртіп, әзірлеушілер арасындағы өзара түсіністік, білуге құмарлық пен еңбексүйгіштік — бұл табысты жобаның негізі». Сондай-ақ, олар оған ақпарат іздей білуді, ұқыптылықты, командалық жұмысты пен бағытты ауыстыра білуді және демала білуді енгізді.

Басқа не айтамыз: мұндай көзқарастағы балаларға бағдарламалауда үлкен және табысты болашақ тілеу ғана қалады!

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс