KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

«ОЙЫНДАР» САНАТЫНДА 1-ОРЫНДЫ CATCHANAPP ЖОБАСЫ

26.07.2021

Сіздерге тегін CodingLab бағдарламалау мектебінде 4-ші оқу жылының жеңімпаздары туралы айтуды жалғастырамыз.

«Ойындар» санатында 1-орынды CatchAnApp жобасымен Алина Мақұлбекова иеленді.

Ойын идеясы қарапайым: ойыншы әрқайсысының өз кедергілері бар әртүрлі деңгейлерден өтуі арқылы алма жинауы тиіс.

Ойында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін таңдауға болады.

Және мына 4 тректің бірін фондық музыка ретінде қоюға болады; Komiku – Bicycle; 8thdiamond — Till Death; Marion Gaillard – Young; Grigoriy Nuzny — Pop04.

Ойын мәзірінде 28 деңгей бар: 24 негізгі және 4 қосымша.

Android-қа арналған осы мобильді қосымша өзінің қарапайым ықшам интерфейсі және идеясымен қазылар алқасын таңғалдырып, 1-орынға ие болды.

Алинаны құттықтаймыз және алдағы уақытта көптеген жаңа жеңістер тілейміз!

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс