«Өмір сыйлайық» жобасы 2007 жылы басталып, 14 жыл ішінде Қазақстанның 36 қаласын және 67 медициналық мекемелерін қамтыды.
Жиналған қаражаттың көмегімен 100 мынан астам баланың өмірі құтқарылды. Жүздеген қазақстандық неонатологтар мен мейірбикелер біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Жобаны іске асырудың бүкіл уақыты ішінде ірі демеушілер мен қазақстандықтар аударған 809 млн теңге қаражатқа қор мына жабдықтарды сатып алып, ауруханаларға орнатты:
116 фототерапия аппараты
13 ӨЖЖ аппараты
Нәрестелерге арналған 9 инкубатор
24 реанимация үстелшелері
140 инфузиялық және шприцтік мөлшерлеуіштер
11 nCPAP (СИПАП) аппараты
43 медициналық сорғыштар
26 кереует алды мониторлары
2 наркоз аппараты, дефибриллятор
9 ЭЭГ мониторы
7 гипотермия аппараты
және нәрестелердің өмірін құтқару үшін маңызды жүздеген басқа медициналық құрылғылар.
Жоба жалғасуда, өйткені қор балалар ауруханалары мен перинаталдық орталықтардан реанимация жабдықтарын сатып алуға көмектесуді сұраған хаттар келіп түсіп жатыр.
Мұның қалай жұмыс істейтіні туралы толығырақ біліңіз
Қордың негізгі сайтына өту