KZ RU
КӨМЕКТЕСКІМ КЕЛЕДІ

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

Жаңа туған нәрестелердегі терапиялық гипотермия бойынша семинар

11.12.2019

Оны ресейлік дәрігер-неонатолог, Челябинск қаласы № 8 Балалардың қалалық клиникалық ауруханасындағы нәрестелердің жан сақтау және қарқынды терапиясы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Андрей Петрович Аверин жүргізді. Алматыда нәрестелердің терапевттік  гипотермиясы бойынша оқыту семинары «АЯЛА» Академиясы» жобасының шеңберінде, «Шеврон» компаниясының қолдауымен өткізілді.

 

Қазақстанда нәрестелер өлімін және мүгедектігін қысқарту – «АЯЛА» қайырымдылық қоры жұмысының маңызды бағыттарының бірі. 12 жылы бойы қор осы проблеманы шешу үшін бірқатар жобаларды іске асыруда.

 

Олардың арасында дәрігер-неонатологтар үшін практикалық семинарлар ұйымдастыру бар. Осы аптада 3 күндік «Терапевттік гипотермияның жалпы мәселелері» практикалық семинары Алматыда болып өтті.

 

Семинарға Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Тараз, Семей, Алматы қалаларының және Алматы облысының қалалық және облыстық перинаталдық орталықтары мен перзентханаларының 50-ден астам дәрігер-неонатологтары қатысты.

 

Олар күн сайынғы практикасында нәрестелердің әртүрлі ауыр патологияларына кезігеді. Оның ішінде орталық жүйке жүйесі зақымданғандары бар, олар біздің елдегі нәрестелер өлімінің басты себептерінің бірі болып табылады. Жағдайлардың 70%-да бұл гипоксиямен байланысты, бұл дүниеге келген сәтінде сәбидің бас миы жасушаларының өлуіне алып келетін бірқатар патологиялық физиологиялық процестерді іске қосады. Мұның ең қиын салдары баланың өліміне немесе ауыр мүгедек болып қалуына әкеп соқтырады.

 

Терапевттік гипотермия дәлелдік медицина тұрғысынан сәбилердің бас миын қорғаудың негізгі физикалық (дәрі-дәрмексіз) әдісі болып табылады. «Терапевттік гипотермияның жалпы мәселелері» семинары шеңберінде Андрей Петрович Аверин қазақстандық әріптестерімен қарқынды неонатологиядағы инвазивтік емес мониторинг, неонатологиядағы респираторлық сүйемелдеу, сәбилерді термиялық қорғау секілді мәселелердегі ақпаратпен және практикалық атқарымымен, сондай-ақ 2020 жылы әлемде белсенді енгізілетін қарқынды неонатологияның жаңа тәсілдерімен бөлісті.

 

Бұған қоса, Қордың белсенді әрекетімен Қазақстандағы Нәрестелер өлімін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарына гипотермиялық жабдықты міндетті түрде сатып алу енгізілді.  Ірі демеушілердің қолдауымен қор 3 гипотермия аппаратын сатып алып, перинаталдық орталықтарға табыс етті, тағы осындай 2 аппарат Түркістан мен Атырауда орнатуға дайындалуда.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

НҰР-СҰЛТАН

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
Төлемдерге жазылудан бас тарту
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс