KZ RU
КӨМЕКТЕСКІМ КЕЛЕДІ

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

Ортопед-дәрігерлер Пусанда хирургияның практикалық курстарынан өтті

14.08.2019

№1 Университет емханасының (бұрынғы Алматы қаласының Ақсай балалар ауруханасы) екі ортопед-дәрігері Мақпал Сұрашова мен Исамдун Харамов екі апта бойы Пусан Ұлттық Университеті Госпиталінің ортопедия бөлімшесінде практикалық оқудан өтті.

Қазақстандық дәрігерлермен сабақты профессор Джун Саб Ли (Jung Sub Lee) өткізді. Ол ПҰУГ омыртқа орталығының меңгерушісі және ортопедия бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етеді. Профессор Ли 2018 жылғы қазаннан бері «Аяла» қорының амбассадоры ретінде қордың шақыруы бойынша біздің елге келген кезде туа біткен және жүре пайда болған ортопедиялық патологиясы бар қазақстандық балаларға тегін кеңестер береді.

Исамдун Харамовтың сөзінше, олар 2 аптаны Оңтүстік Кореялық әріптестерімен өте тиімді жұмыс үстінде өткізді. «Біз тірек-қимыл аппаратына көптеген және әралуан оталарды: омыртқаға, жамбас буынына жасалған оталарды, аяққа жасалған, бұлшықетті ауыстырып орналастыру бойынша шағын оталарды көрдік. Профессор Лидің мейлінше анық, сөзбе-сөз және ойға қонымды сабақтары біздің жаңа білімді меңгеруімізге үлкен  көмек болды. Көптеген оталар бізде елімізде де жасалады. Бұл екі апталық практика Пусан Ұлттық Университетінің Госпиталінде біз үйренген заманауи әдістерді енгізудің арқасында оларды мүлдем жаңа деңгейге жеткізуімізге септігін тигізеді. Осы мүмкіндік үшін «АЯЛА» қорына алғысымды білдіргім келеді», — деді Исамдун Харамов.

Біздің қазақстандық дәрігерлер үшін ұшақпен ұшу және сақтандыру ақысына төлеуге көрсеткен көмегі үшін «Шеврон» компаниясына алғысымызды білдіреміз.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

НҰР-СҰЛТАН

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
Төлемдерге жазылудан бас тарту
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс