KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

ЕКІ TOMATIS АППАРАТЫ СЫЙЛЫҚҚА

22.06.2021

Біздің қор «АрселорМиттал» компаниясының Теміртаудағы № 5 арнайы мектеп-интернат пен Қарағандының № 3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне өте маңызды және қажетті сыйлық жасауына көмектесті.

Бұл мекемелердің екеуі де бір-бірден жиынтықта құлаққабы бар TOMATIS аппаратына ие болды.

TOMATIS — 20 ғасырдың 50-жылдарының басында француз отоларинголог дәрігері Альфред Томатис әзірлеген бас миын ынталандыру әдісі. Ол мидың құлаққа жететін ақпаратты қабылдау және қайта өңдеу қабілетін жақсартады.

№ 3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті директорының міндетін атқарушы Қаракөз Данышпанқызы Дусбаева осыған былайша түсініктеме берді:

«Бізге кез келген демеушілік көмек өте маңызды, себебі біз енді құрылған жас ұйымбыз, бар болғаны үшінші жыл жұмыс істеп жатырмыз. Біз AYALA қайырымдылық қоры мен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына TOMATIS әдісі бойынша оқытуға және осы жабдықты сатып алуға демеушілік көмек көрсеткені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Бізде білім беру қажеттілігі ерекше, түрлі диагноздары бар балалар білім алуда. Қарағандыда осы әдіс бойынша небәрі 5 маман оқытылды, сондықтан бұл біз үшін үлкен құрмет және қатардан қалмау мүмкіндігі».

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс