KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

Қазақстанда дәрігерлерге арналған тегін бейне-курстардың онлайн…

02.02.2021

«AYALA онлайн-академиясы» — бұл неонатология, балалар реаниматологиясы, жаңа туған нәрестелер патологиясы және шала туған балаларды бағып-күтуге маманданған қазақстандық дәрігерлердің біліктілігін арттыруға көмектесетін тегін бейне-курстар платформасы. Жобаны AYALA қайырымдылық қоры «Шеврон» компаниясымен бірлесе отырып жүзеге асырады.

Платформа жылына бірнеше мың медицина жұмыскерін қосымша кәсіптік біліммен қамтуға мүмкіндік береді.  

«Біздің қор 14 жыл бойы Қазақстандағы сәбилер мен балалар өлімін азайту бойынша жұмыс істеп келеді. Оның ішінде отандық дәрігерлердің біліктілігін арттыру арқылы», — деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова. «AYALA онлайн-академиясы» — бұл жүздеген кішкентай пациенттің өмірін сақтап қалуға көмектескен біздің көпжылдық офлайн жобамыздың трансформациясы.

«Шеврон» компаниясының өкілі Ләйлә Айтмұханованың айтуынша, «жаһандық пандемия медицина қызметкерлері үшін білім мен өздігінен білім алудың маңыздылығын көрсетті, сондай-ақ бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесінде елеулі өзгерістерді талап етті. Біз Қазақстандағы әлеуметтік бағдарламаларымызды алғашқылардың бірі болып қайта құрылымдап, пандемия кезеңінде медицина кадрларын даярлау саласында көптеген бағдарламаларды жүзеге асырғанымызды мақтан тұтамыз».

Жобаның тағы бір міндеті дәрігерлерді оқытуға барынша қолайлы жағдай жасау болып табылады, өйткені олардың әрқайсысы біліктілікті арттыру үшін жеке уақыт пен бағдарламаны таңдай алады.

Платформада «Өкпені жасанды желдету» және «Сурфактанттарды енгізу» атты 2 бейне курс орналастырылған. Оларды Қазақстан мен Ресейдің жоғары санатты практик-дәрігерлері — Талғат Жорабекұлы Толықбаев пен Андрей Петрович Аверин әзірледі.

Курстар блоктарға бөлінген, бұл материалды игеруге көмектеседі. Тіркеуден кейін дәріс ақпаратына 2 ай бойы ашық қол жеткізуге болады. Сондықтан курстан тіпті жұмыс орнында өтуге болады, оны кішігірім үзінділермен тыңдап, қажет болған жағдайда жазбаға қайта оралады. Әр дәріске таныстыру материалдары ұсынылады. Аяқталғаннан кейін тыңдаушылар тікелей эфирде немесе чатта нақтылайтын сұрақ қоя отырып, дәріскерден кері байланыс алу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ әрбір блоктан кейін және курстың соңында міндетті тест тапсырмасы түрінде меңгерілген материалды бақылау көзделген.

«AYALA онлайн-академиясы» платформасына қарапайым компьютер, смартфон және планшет қолданылады, тұрақты немесе мобильді интернет бар жерде жұмыс істейді.

AYALA қоры жыл бойы онлайн-академияны неонатология және шала туған балаларды бағып-күту саласындағы жаңа курстармен толықтыруды жоспарлап отыр. Барлық курстарға толығымен қазақ тілінде дубляж жүргізіледі.

 

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс