«АЯЛА» қоры балалар медицинасы саласында 10 жыл жұмыс істейді және нәрестелердің қиын жай-күйін емдеудің инновациялық әдістерін және алдын алуды денсаулық сақтау практикасына ендіруге жәрдемдеседі.

Қордың бастамасымен әдістемелік ұсынымдар әзірленді, онда ғылыми дәлелдерге негізделген жарияланымдарды пайдалана отырып әзірленген, нәрестелердің гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатиясын емдеуге арналған заманауи тәсілдер ұсынылған.

Әдістемелік ұсынымдар босанатын әйелдерге арналған ұйымдардың неонатологтарына, медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне, резиденттерге арналған.

 

Нәрестелердің гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатиясын емдеудегі терапевтік гипотермия

Әдістемелік ұсынымдар

Чувакова Т.К., Карин Б.Т.

көшіріп алу