Дәрігер кеңестері

Кеңесті жоғары санаттағы дәрігер-жұқпалы аурулар маманы ЗӘУРЕ МҰРАТҚЫЗЫ ОСПАНОВА береді.

Медицина ғылымдарының кандидаты, Алматы қ. № 1 Қалалық жұқпалы клиникалық балалар ауруханасы базасындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доценті. Қарағанды медициналық институтын бітірген, «Аллергиялық белгілері бар вирусты гепатитпен ауырған балалардың клиникалық-иммунологиялық ерекшеліктері» тақырыбы бойынша диссертация қорғады. Жұмыс тәжірибесі: 25 жыл.

Біз барлық балаларға денсаулық тілейміз!

 

 

 

Біздің қорымыз ҚазҰМУ доценті Зәуре Оспановамен бірлесіп әдеттегідей емес форматта –DVD форматында 3 оқу құралын шығарды. «Оқулықты» диск ойнатқышына салып, емханада әрі науқастардың үйлерінде де қолдануға болады. Қысқа фильмдер қарапайым ғана нысанда денсаулығына, тіпті өміріне қауіп төндіретін жағдайларда науқас балаларға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.

Зәуре Мұратқызы Оспанова Зальцбург қаласында жаздың басында өткен Халықаралық медициналық конференциясында осы фильмдер туралы баяндама жасады. Басқа елдерден келген әріптестер емханалар дәрігерлерінің біліктілігін және науқастанып қалған балалардың ата-анасының баласын күту үшін қажетті білімінің деңгейін арттырудың мұндай тәсілін жоғары бағалады.

2011 жылы бұл роликтер Қазақстан Республикасы үшін бейімделген «Балалар жасындағы ауруларды ықпалдасып жүргізу» ДДҰ/ЮНИСЕФ оқу курсына енгізілді, оған қоса ол Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін «АИВ-инфекциясы аясындағы БЖАЫЖ» қосымша курсымен толықтырылды. Бұл компьютерлік диск ДДҰ, ЮНИСЕФ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Еуропалық Одақтың қолдауымен шығарылды.

Қазақстан азаматтарына көп мағлұмат бере отырып, біздің Қорымыз көмекке зәру барынша көп адамға жәрдем көрсету үшін барлық қолынан келгенін жасайды.

 

 

 

Скачать ролик Скачать ролик Скачать ролик

ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ОДАН ҮЛКЕН ДЕНІ САУ БАЛАНЫҢ ТАМАҚТАНУЫ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР

Роликте балалардың өмірдің бірінші, ең маңызды жылында дұрыс әрі салауатты тамақтануының негізгі, іргелі қағидаттары көрсетілген. Жас аналарымыздың сәбилерді тамақтандыру жөнінде арнайы әдебиетті оқып үлгермейтіні құпия емес. Үйдегі тіршілігі бар, ұйқысы қанбайды, кітап оқуына мұршасы да жоқ.

Ролик жас ата-анаға және ата-әжелерге баланың алғашқы өмір жылында асқазандарына зиян келтірмеуге және бүкіл өміріне денсаулықтың іргетасын қалауға көмектеседі.

ҮЙ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА ТЫНЫСЫ ТАРЫЛҒАН КЕЗДЕ БАЛАҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ АЛГОРИТМІ

Обструктивтік синдромды (ысқырығы қатар болатын тынысының тарылуы) емдеген кезде тез әсер ететін кеңірдек-дилататорлар (аэрозоль препараттары): сальбутамол, асталин, венталин және т.б. қолданылады. Бұл дәрі-дәрмектер Қазақстандағы тегін таратылатын дәрі-дәрмектердің тізбесіне кіреді. 5 жасқа дейінгі балаларға олар ағзаға арнайы саптама арқылы кіргізіледі. Егер арнайы дәрі-дәрмекті дәріханадан алуға мүмкіндік болмаса, дәрі шашатын құралды үйде дайындауға болады.

ДИАРЕЯ СИНДРОМЫ

Сусыздану – бұл жағдайдың шөл далада емес, қаланың ортасында, ауыз судың тапшылығы болмаған жағдайда кішкентай балада пайда болатынын елестету қиын. Алайда бұл әбден орын алуы ықтимал. Жас, тәжірибесі жоқ аналар бұл жағдаймен қалай күресетінін білмей, өз сәбилерінен «айырылуы» мүмкін. Біздің ролигіміз Сіздерге; учаскелік балалар дәрігерлеріне және патронажды медбикелерге және қамқоршы, бірақ тәжірибесі жоқ ата-аналарға, сол сияқты тәжірибесі бар ата-аналарға да арналған.