Біздің ұжым

Қор Президенті

Бұрынғы дәрігер-терапевт, ал бүгінде табысты бизнес-леди. Пирогов атындағы Екінші Мәскеу медициналық институтын аяқтады. Бірнеше жыл бойы мамандығы бойынша жұмыс істеді, 10 жыл бұрын «АЯЛА» қайырымдылық қорын ұйымдастырып, оған басшылық етті. Аяулы жар және қамқор ана. Айданның қағидаттарының бірі әйгілі актриса Одри Хепберннің «Әрбір адамның міндеті қиналған балаларға көмектесу болып табылады. Қалғанының бәрі тек машақат пен еркелік қана» деген сөздері болды.

Заң мәселелері жөніндегі вице-президент

Қордың жұмысына ешқашан немқұрайлы қараған емес. «АЯЛА» қоры үшін жаңа достарды, демеушілерді және әріптестерді тарту ісіне белсенді түрде қатысты. Қор ұйымдастырған балаларға арналған мерекелерге волонтер ретінде қатысты. Бұл белсенді жұмыс уақыт өте келе оған заң мәселелері жөніндегі вице-президент болуға мүмкіндік берді. Өмірде Диана белсенді спортшы және сүйкімді ана. Оның қор қызметінің саласына қатысты көптеген бірегей идеялары бар.

Қаржы жөніндегі вице-президент

Қорда ерікті көмекші ретінде жұмыс істейді. Жоғары қаржылық білімі бар. Қор арқылы өтетін қаржы ағындары айқын болу үшін бар күш-жігерін салуда. Қор жұмысының тиімділігін көре отырып, біз өткізетін балалар мерекелеріне белсенді түрде қатысады.

Жұртшылықпен байланыс жөніндегі вице-президент

Медициналық және жұртшылықпен байланыс мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Медициналық практикамен айналыса отырып, Қорда 2008 жылдан бері жұмыс істейді. Қайырымдылық теоретигі. Оның қаламынан «жүрек даналығы», «тиімді қайырымдылық», «қайырымдылықты температуралық бағалау» сияқты қайырымдылық терминдері және қайырымдылық жасаушы адамдардың жалпы қолданысындағы басқа да терминдер пайда болды.

Медициналық жобалардың жетекшісі

Мамандығы бойынша балалар анестезиолог-реаниматологы. Ауруханаларда жұмыс істеген кезде жақсы медициналық жабдықтың аз болмайтынына көзі жетті. Қорда жұмыс істей отырып, өзінің балалардың денсаулығы мықты болсын деген арманын жүзеге асыруға тырысады. Берік көп жағдайда балалар ауруханаларының және перзентханалардың балалар бөлімшелерінің қажетті медициналық жабдықпен жабдықталуы туралы ең өзекті ақпаратқа ие.

Қордың амбассадоры

Профессор Jung Sub Lee, M.D., Ph.D. Оңтүстік Кореяның Пусан ұлттық университетінің ауруханасының (ПҰУА) ортопедиялық бөлімшесінің бастығы、омыртқа орталығының жетекшісі. 2018 жылдың қазан айында профессор Лиге «АЯЛА» қайырымдылық қорының асбассадоры атағы берілді. Ол профессор Лидің қазақстандық медицинаны дамытуға қосқан үлесін мойындауымызды көрсетеді. Оңтүстік Кореядан келген дәрігер туа біткен және басқа факторлардың әсерінен пайда болған ортопедиялық патологиясы бар қазақстандық балаларға тегін кеңес берді. Ол Қазақстанда окыту және практикалық жұмысын жалғастырады.

Жобалардың үйлестірушісі

Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ды бітірген, жапон тілін меңгерген. Өз міндеттеріне асқан ұқыптылықпен қарайды. Біздің әріптестеріміз – демеушілермен, сол сияқты бенефициарлармен де тығыз қарым-қатынас орнатуға үлес қосты. Елімізде ересек адамдарды, әсіресе балаларды сапалы және кәсіби тұрғыдан емдеу үшін барлық жағдайлар жасалғанын армандайды. 

Веб-жобалардың әзірлеушісі

АҚШ-та тұрады. Қордың қайырымдылық мәдениетін дамытуда пәрменді құрал болып табылатын сайтымыздың дизайнын әзірлеумен және жұмысын техникалық тұрғыдан қамтамасыз етумен айналысады. Өз ісінің кәсіби шебері. Елімізден кетсе де, Қазақстан балаларының игілігі үшін белсенді жұмыс істеуде.

Әлеуметтік жобалардың жетекшісі

Білімі жоғары. Қорда жоғары оқу орнында және дипломнан кейінгі білім барысында алған мамандығы бойынша жұмыс істейді. Жобаларымыздың қамқорлығындағы адамдармен, демеушілермен және мердігерлермен әрқашан сыпайы қарым-қатынаста. Өз міндеттерін барынша жоғары тиімділікпен атқаруға тырысады. Барлық балалардың өмірдегі мүмкіндіктері тең болғанын армандайды.

Республикалық жобалардың жетекшісі

Білімі жоғары, көпшіл. Біздің қамқорлығымыздағы шипажайлардың, сәбилер үйлерінің, интернаттардың, балалар үйлерінің және басқа да балалар мекемелерінің ұстаздарымен және тәрбиеленушілерімен тез тіл табыса біледі. Қорда жұмыс істей келе, спорттық құрал-сайманның, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарланған бөлмелерге арналған тұрмыстық техниканың, темір ұсталарына, түптеу, тігін шеберханалары мен шаштараздарға арналған жабдықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты тануды үйренді. Аяз Ата болуды армандайды.

Халықаралық жобалардың жетекшісі

8 жылдан бері қорымыздың белсенді ерікті көмекшісі. Осы уақыт ішінде жоғары оқу орнын бітірді, ағылшын және грек тілдерін меңгерген. Бізбен жұмыс істей келе, еріктілер жұмысының оған жеке тұлға ретінде ілгерілеуіне көмектескенін атап өтті. Балаларға белестерді бағындырып, алға қойылған мақсаттарына жетуіне көмектескенді армандайды.

Бухгалтер

Білімі жоғары. Жұмысына өте ұқыпты. Адамдармен тез тіл табысады, Қордың іс-шараларына ерікті көмекші ретінде үлкен қызығушылықпен қатысып отырады. Қорда жұмыс істей отырып, тиімді қайырымдылықтың жақтаушысы бола білді және балалар денсаулық сақтау және білім беру ісіндегі жағдай туралы көп мағлұмат алды.

Президент кеңесшісі

Қордың Астана қаласындағы өкілі. Мамандығы бойынша – журналист-аудармашы (парсы тілі). Тегеран Университетінде (Иран) халықаралық журналистика бойынша, «Интерньюс-Қазақстан» халықаралық ұйымында телевизиялық журналистика бойынша біліктілігін арттырудан өтті. АҚШ Талдамалық журналистикасы бойынша тәжірибе алмасу жөніндегі ЮСАИД бағдарламасының қатысушысы. Телевизиялық журналистикадан (31 арна, Ақпараттық бюро) өтті, ол PR-ға (kaspi bank) әкелді. «PR-шы Астана» клубының мүшесі, tedXastana волонтері – спикермен жұмыс істеу жөніндегі жаттықтырушы.

Заңгер

Жігері мықты білікті маман. Демеушілік жасау, еріктілік және қайырымдылықтың заң тұрғысындағы мәселелерінде айтарлықтай тәжірибесі бар. Қиын жағдайда қалған балалардың өмірін жақсартуды армандап, оған барлық күш-жігерін салады.

Медиадиректор

Жоғары журналистік білім. 13 жыл БАҚ-та жұмыс істеді: телевидениеде, газетте, онлайн ақпараттық агенттігінде жұмыс істеді және пиар-маманы болып жұмыс істеу туралы шешім қабылдады. Әуестігі – фотоға түсіру және жапон тілі, сондай-ақ ол Мюнхен Бавариясы футбол командасының адал жанкүйері.

Веб-жобаларды әзірлеушінің көмекшісі

Білімі жоғары. Қордың қызметіне жан-тәнімен беріліп, Маргаритаға жұмысында көмек көрсетіп отыр. Біздің мақсатымыз – игі істер дәстүрін тәрбиелеуде үнемі жаңа әдістер ұсынып отырады. Женя әрдайым тілектес, ашық-жарқын және алдына мақсат қоя біледі.