Қордың тарихы

27 наурыз –  «АЯЛА» қорының туған күні. Қордың миссиясы – Қазақстан Республикасында қайырымдылық мәдениетін және дәстүрін дамыту. Қор қызметінің негізгі бағыттары денсаулық сақтау және білім беру саласындағы мемлекеттік балалар мекемелеріне көмек көрсету болып табылады.

«Білім беру меценаты» алғашқы салтанатты рәсімінде Қор Президенті Айдан Сүлейменова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің АЛТЫН медалімен марапатталды. Алғаш рет «ДАРА» қорымен бірлесіп Алматы қаласында орналасқан барлық балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін мерекелік іс-шара өткізілді. «Күлімдеу күні» балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ұстаздары үшін жыл сайынғы сүйікті мерекеге айналды.

Біздің бастамамызбен ұйымдастырылған Қайырымдылық қорларының қауымдастығы еліміздегі балалар кардиохирургиясын дамыту жөніндегі науқанды бастады. Бұл жобаны біз «Мен де өмір сүргім келеді» деп атадық.  «АЯЛА» қоры Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығына салмағы 10 кг аз балаларға операциялар жасауға қажетті көп құрал-жабдық берді. 

«Бауыржан» қорымен бірлесіп «Қазақстандағы қайырымдылық» атты Бірінші халықаралық конференциясы өткізілді. «АЯЛА» қорының Достар клубы құрылды, оны Қордың байырғы досы мен әріптесі, «Мамамия» және Ciao pizza мейрамханалар желісінің құрылтайшысы Флюра Мұхтарқызы Батырова басқарды. Достар клубын ашу әйгілі ресейлік «Инь-Ян» тобының Алматы қаласының № 2 балалар үйіне баруымен атап өтілді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды. «Тыныс ал, балақай» жобасы республикалық жобаға айналды. Қыркүйек айында жаңа жабдық Өскемен, Семей және Қарағанды облыстық перинаталдық орталықтарының (ОПО) балалар жан сақтау бөлімшелеріне берілді.

Қордың 5 жылдығына орай әлемдік деңгейдегі музыкант, атақты скрипкашы Марат Бисенғалиевтің қатысуымен ауқымды қайырымдылық концерт өткізілді. Концерт барысында жиналған қаражат Қызылорда ОПО-ға көмек ретінде жіберілді. «Тыныс ал, балақай» республикалық жобасының шеңберінде Атырау, Тараз, Ақтөбе және Қызылорда ОПО заманауи медициналық жабдығын алды. 

Олимпиада чемпионы, әйгілі Қазақстан спортшысы Александр Винокуровтың қатысуымен өткен Rixos Borovoe веложарысы Көкшетау қаласындағы Ақмола ОПО балалар жан сақтау бөлімшесін жабдықтау үшін қаражат жинауға көмектесті. «Тыныс ал, балақай» жобасы бойынша жаңа жабдықты Шымкент, Петропавл, Павлодар, Қостанай, Талдықорған, Көкшетау қалаларының ОПО балалар жансақтау бөлімшелері алып отыр.

Түркістан, Ақтау және Орал ОПО-ға аса маңызды медициналық жабдықты бергеннен кейін ең ауқымды «Тыныс ал, балақай» республикалық жобасының аяқталуы туралы ресми түрде жария етілді. Бұл жоба шеңберінде перзентханалар және перинаталдық орталықтар 337,5 млн. теңгеге жабдық пен шығыс материалдарын алды.

Қордың қамқорлығындағы балалар ауқымды музыкалық оқиға – «МУЗ-ТВ 2015 сыйлығы. Гравитация» тапсыру рәсіміне қатысты. Ол рәсім Қазақстанда алғаш рет өткізілді. Алматыда және Астанада көзді қорғаудың үш бөлмесі ашылды. Британ-Қазақ Қоғамымен бірлесіп Charity Afternoon Tea алғашқы қайырымдылық  шай ішу рәсімі және алғашқы қайырымдылық «BKS Аir Astana марафон» өтті. «АЯЛА» қорының көмегімен белгілі театр және кино әртісі Чулпан Хаматова Алматыдағы № 1 облыстық балалар үйінің балаларымен кездесті.

Қазақстанда дәрігерлерге балалардың өмірін құтқаруға көмектесетін, SMS-сыйға тартуды жинауға арналған 9962 қысқа нөмірі ресми түрде іске қосылды. Қызмет Beeline, Kcell, Activ, Tele2 ұялы байланыс абоненттері үшін қолжетімді. Нөмірді іске қосу «Өмір сыйлайық» жобасының шеңберінде жүзеге асырылды. 
Оңтүстік Кореяның профессорлары Алматыға екі рет келіп, жүзден астам тегін консультация өткізді. Балалар нейрохирургтері Пусан ұлттық госпиталінде біліктілігін арттыру курстарынан өтті.